Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:40

Шавкат Рахмоновтың әлемдік рейтингтегі орны төмендеді

Шавкат Рахманов
Фото: ашық дереккөз

FightMatrix.com сайты аралас жекпе-жектегі ең үздік жартылай орта салмақтағы файтерлердің рейтингін жариялады.

Чемпион, ресейлік файтер Ислам Махачев (28-1) бірінші орынды иеленіп тұр. Екінші орында жеңіліп көрмеген эквадорлық Майкл Моралес (19-0) тұр. Үздік үштікті жақында Махачевке чемпиондық белбеуін жоғалтқан австралиялық Джек Делла Маддалена (18-3) түйіндейді. Бір жыл бойы октагонға шықпаған қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) қазіргі уақытта тек оныншы орында тұр. 

Айта кетейік, үздік ондықта келесі файтерлер бар: Камару Усман (21-4), Иэн Гэрри (17-1), Белал Мухаммад (24-5), Шон Брэди (18-2), Карлос Пратес (23-7), Леон Эдвардс (22-6).