Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:15, 10 Қыркүйек 2024

Шекарада сұранысқа ие мұнай өнімдері заңсыз экспортталған

к
Фото: pixabay

Үкіметте ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жанар-жағармай нарығындағы қазіргі жағдай бойынша, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде АИ-92, АИ-95 бензинін және дизель отынын тұтыну айтарлықтай өскені байқалды. Бұған негізгі себеп болып отырған жағдайлар – көрші елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы баға айырмашылығына байланысты мұнай өнімдерінің сыртқа кетуі және «сұр экспорт», делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, соңғы уақытта шекарада сұранысқа ие мұнай өнімдерінің «бүркеншік тауарлар» ретінде экспортталғаны тіркелген.

Ішкі нарықта тапшылықты болдырмау мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметі, Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шекаралық өткелдерде жанар-жағармай әкетуді бақылауды күшейту тапсырылды.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Энергетика министрлігіне экспорттауға рұқсат етілген мұнай өнімдерінің тізімін жаңартуды және отандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерінің тұрақты өндірісін қамтамасыз етуді тапсырды.