Шекарасыз тілшілер Қазақстан билігін тілшілерге шабуыл жасағандарды сотқа тартуға шақырды

Журналистер құқығын қорғайтын халықаралық “Шекарасыз тілшілер” ұйымы Қазақстан билігін бір жыл бұрын журналистерге шабуылдағандарды тауып, “сотқа тартуға” шақырды.
“Бір жыл бұрын Алматыдағы баспасөз маслихатында журналистерге шабуылдаған әйелдердің бірде-бірі жауапқа тартылған жоқ.
Шабуылдағандар жайлы ақпарат және дәлел бола тұра тергеу тоқтатылған” деп жазды ұйым Twitter парақшасында.
2019 жылы 22 маусымда Қазақстандық адам құқығын қорғау халықаралық бюросының кеңсесінде өтуі тиіс баспасөз мәслихатына барған Азаттық тілшілері мен ҚазТАГ журналистеріне бір топ әйел шабуыл жасаған. Олар тілшілерге жұдырық жұмсап, журналистердің техникасын сындырған. Әйелдер бюро қызметкерлеріне де шабуылдаған.
Тілшілерге шабуыл қалай жасалды? (Алматы, 22 шілде 2019 ж.)
<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Хроника. Тілшілерге шабуыл қалай жасалды?» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b">

Хроника. Тілшілерге шабуыл қалай жасалды?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30077216.html» dir=«ltr» readonly />
No media source currently available
0:00 0:05:42 0:00 Жүктеп алуОсы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалған. Полиция істі “Журналистердің кәсіби қызметіне шабуыл жасау” бабына жатқызудан бас тартты. Тергеу әлі жүріп жатыр, ешкімге айып тағылмады. Азаттық шабуыл жасағандардың біреуінанықтаған.
Лондондағы “Журналистерге әділдік” қорының есебінде Орталық Азияда, Әзербайжанда, Қазақстанда кейінгі үш жылда “журналистерге физикалық шабуыл үш есеге артқанын” жазған.
Қазақстанда “Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау қорының есебінше, биылғы алты айда елде ондаған журналист шабуылға ұшыраған. Бірде-бір іс сотқа жетпеген.