Шенеуніктер отставкаға кетуге өтініш жазып жатыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіотставкаға өтініш берген шенеуніктердің аты-жөнін жариялады.
Ресми мәліметкесәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі отставкаға жіберу туралы екіөтінішті қарап жатыр.
«Біріншісін 28 шілде күні оныңорынбасары Федяев жазды. Себебі 25 шілде күні сыбайлас жемқорлық қылмысынжасаған мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасыныңбасшысы Қалабаевқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді», — делінген ресмихабарламада.
Бұдан бөлек, 3 тамызда Ақжар ауданының әкімі Мадияровта өтініш берді. Оның орынбасары Досымбеков өз кінәсін мойындап, келтіргензалалдың көлемін өтеді. Оған қатысты тергеу шаралары тоқтатылған болатын.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 60-бабы,2-тармағына сәйкес отставканы қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім бірай мерзімде президент әкімшілігімен келісіле отырып қабылдануы тиіс", — дейді агенттік мамандары.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық бойынша бірқатар іссотта қаралып жатыр. Айыптау үкімдері заңды күшіне енген жағдайда отставкағакету туралы өтінішті төмендегі лауазымды тұлғалар беруі тиіс:
- Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Нұртаев.Оның орынбасары Тәжібаевқа қатысты үкім 3 шілдеде шықты, прокуратураныңнаразылығы бойынша отырыс 25 тамызға тағайындалды.
- Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Есбаев.Апелляцияға өтініш берілмесе, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Құрманалиевкеқатысты үкім 15 тамызда күшіне енеді.
- Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Өнербаев. 22тамыз күні Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Норқұловқа қатысты сотүкімі заңды күшіне енеді.