Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:15

Шенеунікке атылған оқ: Руслан Берденов жансақтау бөлімінде жатыр

Берденов
Фото: zhasalash.kz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықтан кейін оның жағдайы жайлы ақпараттар пайда бола бастады.

 Бұл туралы Мәжілістің экс-депутаты, Respublica партиясының мүшесі Динара Шүкіжанова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Шүкіжанованың айтуынша, партия мүшелерінің бірнешеуі Шымкентке арнайы келіп, әріптестеріне қолдау білдірген.

 "Досымыздың халін білуге келіп, сауығып кетуін тіледік. Русланның жағдайы жақсарып келеді, бірақ ол әлі де жансақтау бөлімінде жатыр, – деп жазды ол.

Еске салайық, 21 сәуір күні кешке Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында Руслан Берденовке қастандық жасалды. Қызметтесі атқан оқтан жараланып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында түрлі болжамдар айтылып жатыр. Көпшілік бұл әрекеттің себептерін қызғаныш, қызметтік дау немесе тұрмыстық жанжалмен байланыстырған.

Күдікті Ернар Жиенбай оқиғаның себебі ретінде шенеуніктің әйеліне қырындағанын айтқан. Бірақ кейіннен бұл ақпарат жоққа шығарылды.  Тағы бір себеп бірнеше млрд тендерге байланысты болуы мүмкін деген де ақпарат тарады.

Сыздықбековтің популизмі: жарты миллиардтық қошемет

- Шымкентте атылған оқ: қоғам неге қаталдық танытты?

- Шымкенттегі қарулы шабуыл: Әкім орынбасарына оқ атқан күдікті туралы не білеміз?

- Руслан Берденовті қызметтесі атып кетті

- «Бэтмен» Берденов Шымкентке дем салды ма?