Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:43, 22 Желтоқсан 2023

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру өтініштері 31 желтоқсанға дейін қаралмақ

шетелдік көліктер
Фото: из открытых источников

Үкімет 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасына әкелінетін шетелдік көлік құралдарын заңдастыру қағидаларына өзгерістер енгізді.


"Көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босата отырып, оларды бастапқы тіркегені үшін 200 000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесін қолдану үшін өтініштерді қабылдау осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап және 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асырылады",- деп жазылған 13 тармақта. 

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде берілген өтініштер осы Қағидаларға сәйкес 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қаралуға жатады».