Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:06, 08 Қаңтар 2024

Шығыс Қазақстан облысы аумағынан Қазақстан тарихын өзгертетін кешен табылды

түрік қағанаты
Фото: TRT HABER

Археологтар Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында кешен табылғанын хабарлады. Бұл туралы Heritage Daily басылымы жазды.

Профессор Зейнолла Самашев біріккен Көктүрік қағанаты (б.з VI-VIII ғ) екіге бөлінгенде Батыс Түркістан жерінде Ұлы Түрік қағанаты құрылғанын айтты.

"Бұл саяси одаққа дала тайпалары ғана емес, соғды және хорезм өлкелерінің отырықшы қауымдары да кірген. Осы тұрғыда Батыстағы Көктүрік мемлекеті мәдениеті мен әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан өте бай мемлекет болған", - дейді ғалым.

Зерттеушілердің пікірінше, бұл орын Моңғолиядан тыс жерде табылған Түрік қағанаты культ кешенінің алғашқы үлгісі және батыс көктүрік халқының исламға дейінгі түркі өнері мен мәдени тәжірибесі туралы жаңа түсініктер береді.

Кешен батыс көктүрік хандарының бірінің құрметіне салынса керек, онда шығыс қазба аймағында үлкен кесене, ғибадатхана, салтанатты жол, ондаған шағын және орта қорғандар және басқа да құрылыстар болған.

Сондай-ақ, Көктүрік қағаны немесе Жабғудың тақта отырғаны,  қолында тәж бен тостаған бейнеленген гранит мүсін бар.

Профессор Самашев табылған олжаның түркі халықтарымен байланысты әдеби мұра ретіндегі маңызды екенін айтады.