Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:13, 08 Қыркүйек 2024

Шымкентте «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты семинар өтті

1

Бірлік пен тұрақтылық – қоғамның дамуында, мәдениетте және саясатта маңызды рөл атқаратын түсініктер. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені бірлік болмаса, тұрақтылықты сақтау қиынға соғады.

Сондықтан мемлекеттік саясатты халықтар арасындағы достық пен бірлікті дәріптеу маңызды орын алады. Сол мақсатта 7 қыркүйекте Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында діни және этномәдени бірлестіктердің қатысуымен семинар өтті.

Еліміздегі үшінші мегаполисте өткен семинар Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңына орайластырып, ұйымдастырылып отыр. Жиналыс еркін, сұрақ-жауап форматында өтіп, ұйымдастырушылар қатысушы азаматтардың ұсыныс және тілектері тыңдады.

Семинар барысында Шымкент қаласының дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев сөз алып, қала тұрғындары арасындағы береке-бірлік пен татулық жайлы әңгімеледі.

«Қоғaмның ынтымaғы мeн бipлiгi, еліміздің өpкeндeyi үшiн жacaлынған істер көп. Қaзipгi тaңдa көпұлтты тәyeлciз Қaзaқ eлiнe дүниeжүзiндeгi көптeгeн eлдep қызығa қapayдa. Ceбeбi жүздeн acтaм ұлт пeн ұлыcтapдың бepeкe-бipлiгi мeн ынтымaғын жapacтыpa бiлгeн eл кeмдe-кeм. Елімізде 130 – тан астам түрлі ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр, олардың тіліне, мәдениетіне, дініне қарамастан, бір тудың астында татулық, бірлікте өмір сүріп жатырмыз. Зайырлы мемлекет бола тұра, өз дінін ұстанып, өзге дінді құрметтеуге еліміздің әр азаматы мүдделі десек артық айтпаймыз», – дейді басқарма басшысы.

Шымкент қаласы – еліміздегі ең үлкен үш қаланың бірі. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі есеп бойынша, қала халқының саны бір миллион 243,9 мың адам болды. Олардың арасында әртүрлі ұлт өкілдері бар. Соның бәрі шырайлы Шымкент қаласының кең құшағына еркін сыйып, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әдетте өзіміз көп айтып жүрген бірлік пен тұрақтық деген сөзге назар аударып, оның мән-мағынасын ашып көрейік. Мамандардың айтуынша, бірлік – халықтың, қоғамның немесе ұйымның ортақ мақсатқа, идеалға және құндылықтарға бірігуі. Ал татулық дегеніміз – халықтың арасында түсіністік пен құрметтің орнауы. Инклюзивтілік дегеніміз барлық әлеуметтік топтардың қатысуы, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі. Сондай-ақ, сенім деген сөздің де маңызы жоғары, өйткені адамдар арасында сенім орнаса, қоғамда бірлік күшейеді.

Ал тұрақтылық ұғымына баға берсек, оның да мемлекет тұрақтылығы мен дамуында алатын орны өте жоғары.Тұрақтылық дегеніміз – экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы өзгерістерге қарамастан, қоғамның үйлесімді дамуын сақтау. Тұрақтылықтың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, экономикалық тұрақтылық: Экономиканың сенімділігі, жұмыс орындарының сақталуы, халықтың әл-ауқатының артуы. Саяси тұрақтылық: Заңның үстемдігі, мемлекеттік институттардың тиімділігі, демократиялық процестердің сақталуы. Әлеуметтік тұрақтылық: Халықтың әлеуметтік қорғалуы, білім мен денсаулық сақтау салаларындағы қолжетімділік.

Ал бірлік пен тұрақтылықтың байланысы қандай болуы мүмкін? Бұл сұраққа жауап табу үшін төмендегі қағиданы ескерген жөн. Бірлік пен тұрақтылық бір-бірін толықтырады. Бірлік болған кезде қоғамдағы дау-дамайлар мен конфликтілер азаяды, бұл тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Тұрақтылық болса, адамдардың бір-біріне деген сенімі артып, бірлікке ықпал етеді.

Бірлік пен тұрақтылық – қоғамның гүлденуінің негізі. Олар тек мемлекет деңгейінде ғана емес, жеке тұлғалар мен отбасы, қоғамда да маңызды. Бірлікті сақтау мен тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың міндеті.

Сөз басында айтқан, Шымкент қаласында өткен «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбындағы семинарда ассамблея мүшелері сөз алып, тәуелсіз Қазақстан республикасының ең басты әрі маңызды жетістіктерінің бірі – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау екенін атап өтті. Қазақстан халқының арасында «дамудың сыры — бірлікте, табыстың сыры — тірлікте» деген мақал бар. Бұл егемен елдің ертеңі көпшіліктің бірлігі мен бейбіт өмірінде жатқанын білдірсе керек. Кең байтақ қазақ даласының құшағында өмір сүріп жатқан барлық этнос өкілдері ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі ретінде ұстап тұруға күш салып келеді. Бірлік пен тұрақтылық – ел дамының кепілі.

Нұрмүбәрәк Нұрмұхамбетұлы