12:47, 27 Қараша 2023
Шымкентте туған баласын сатпақ болған келіншек ұсталды

Шымкентте 23 жастағы келіншек делдал арқылы баласын сатпақшы болған, деп жазады Zhasalash.kz.
23 жастағы келіншек алдымен делдал арқылы баласын сатып алатын адамды іздеген. Біраз уақыттан кейін сатып алушы табылды. Оған басқа облыста тұратын 45 жастағы әйел хабарласты. Екеуі баланың бағасын келіскен.
Сондай-ақ, ұсталған келіншектің бұған дейін бірнеше рет алаяқтық үшін жауапқа тартылғаны анықталды. Қарызға батқаны белгілі болды.
Тергеу басталды. Нәресте балалар үйіне жеткізілді. Анасы қамауға алынды.