Бүгін, 16:41
Шымкенттегі төбелестен қаза тапқан жігіттің әкесі белгілі бапкер болып шықты
Алдыңғы күні Шымкенттегі Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған жол апаты жаппай төбелеске ұласып, бір адам қаза тапты.
Мерт болған азамат – Василий Колесников, 1985 жылы туған. Ол белгілі жаттықтырушы, грек-рим күресінен әлем чемпионатының жүлдегері Александр Колесниковтың ұлы болып шықты. Ұлынан айрылған Александр Колесников ZTB басылымына сұхбат берді.
«Ұлым жетіспей тұр. Бір жыл бұрын әйелімнен айрылып қалған едім, енді ұлым жоқ. Төрт ұлым бар, енді үшеу қалды. Кішілерге айтпадым, көлік апатынан қаза тапты дедім. Ал шынында пышақтан, кісі қолынан қаза тапты. Орны ойсырап тұр», - деді әкесі.