Шымкенттік тұрғын сот үкімі шыққан соң ер адамды өлтіріп тастаған

Шымкенттегі Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бас бостандығын шектеу жазасына кесілгеннен кейін көп ұзамай адам өлтірді деп сотталған жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Ер адамға абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді (ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі) деген айып тағылды.
Сот 2023 жылдың 11 қыркүйегінде бас бостандығын шектеу жазасына кесілгеннен кейін, 12 қыркүйекте сотталушы қызғанышпен жәбірленушінің басынан бірнеше рет ұрып, соның салдарынан оның өліміне әкеп соққаны анықталды.
Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілінің айғақтары, куәлардың сөздері, заттай айғақтар, сот-медициналық сараптама қорытындысы және тергеу барысында жиналған басқа да дәлелдемелер негізінде дәлелденді.
Жазаны анықтау сатысында прокурор сотталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жазаны қолдануды жақтады.
Сотталушының өзі және оның қорғаушылары денсаулығына ауыр зиян келтіру ниеті болмағанын алға тартып, ең төменгі жаза тағайындауды сұрап, өзін қорғау әрекетін жасаған.
Сот қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды, мысалы, мас күйінде қылмыс жасауды, сотталушының өкінбеуін және осыған ұқсас қылмыс үшін бұрын сотты болуын ескере отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.