Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:16, 14 Қазан 2023

ШҚО-да сотталғандардың жасаған жылжымалы үйі көпшілікті таңғалдырды

көлік
Фото: из открытых источников

Өскеменде "Made in Oskemen" тауар өндірушілерінің алғашқы жалпы қалалық көрме – жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге қала тұрғындары мен белгілі кәсіпкерлер, тіпті түзеу мекемесінің аумағында өз бизнесін ашқан тұтқындар да қатысты.

Қала тұрғындарының көпшілігі көрмеде толығымен қалпына келтірілген ерекше көлікке таң қалды. ХХ ғасырдың соңында шығарылған УАЗ автокөлігі заманауи, толыққанды демалуға толықтай бейімделіп дайындалған. Автокөліктің ішінде ұсақ-түйекке дейін керемет ойластырылған, тіпті екі орынды кереует пен шу оқшаулауғышы бар.

Бұл жұмысты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев та көрді. Ол үлкен жұмыс жасалғанын атап өтіп, тұтқындардың идеясы оған әсер еткенін айтты.

Сондай-ақ көрмеде тұтқындағы адамдардың қолымен жасаған қораптары, шахмат, нарды, астау және музыкалық аспаптар ұсынылды. Бұл өнімдердің барлығы облыс тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие.