Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:26, 28 Шілде 2020

Шорнаққа блокпост не үшін қойылды?

   

Кентау қаласына қарасты Шорнақелді мекеніндегі оқиғада ұлтаралық мәселе жоқ.

Ауыл арасында болған бұзақылықәрекеттерді әлдебіреулер бұрмалап көрсетіп, арандатушылық жасамақ болған.Полиция мен жергілікті атқарушы органдар дер кезінде алдын алмағанда, ШорнақтаҚордайдағы жағдайдың қайталануы әбден мүмкін бе еді?!    

– Шорнақта тұрмыстық жанжал орын алған. Полиция қазір бұзақылық әрекеттерібойынша төрт азаматты ұстады. Олардыңекеуі сот санкциясымен қамауға алынды. Ауылдағыжалпы жағдай тұрақты. Сонымен қатар әлеуметтік желіде ескі бейнежазбалардыкөрсетіп, халықты құқық бұзушылыққа шақырушылар болды.  Жалған ақпарат таратқан алты азаматанықталды. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, – деді облыстың бас полицейі Қайрат Дәлбеков ақпарат құралдарынатаратқан мәлімдемесінде.

Түркістан облыстық полициядепартаментінің хабарлауынша,  21 шілдеде Шорнақта ер адам мен ауылдасының арасында түсінбеушілік туындап, соңы бұзақылыққа ұласқан. Ел аузындағы әңгімелергеқарағанда, ерегіс қазақ бен өзбек ұлты өкілдерінің арасында орын алған. Кешкеқарай  текетірес өрши түскен. Бір топ жігіткөлікпен келіп, Шорнақтағы үйлердің біріне тас лақтырған. Соның салдарынантұрғын үйдің терезелері мен бірнеше көлік бүлінген. Оқиға орнына Кентау қалалықполиция бөлімінің учаскелік инспекторы келеді. Тәртіп сақшысы  алған жарақатына қарамастан, бұзақылардың  күш пен атыс қаруын қолдануына жол бермеген. Оқиғакезінде инспектор мен ауылдың үш тұрғыны жарақат алған. Оларға медициналықкөмек көрсетілді.

Осы күндері әлеуметтік желіде Шорнақта өзбек ұлтыөкілдерінің жергілікті полицейлерге шабуыл жасағаны туралы және қазақ жігіттерін Шорнаққа шақырған видеолар пайдаболды.  Келесі күні ауылға әлдебіразаматтар жиналып, жақын маңдағы ауыл тұрғындарын заңға қайшы әрекеттер жасауғашақырған. Алайда арандатушылық әрекеттер полицейлердің арқасында іске аспайқалған. «Жағдай тынышталды, екі тарап қол алысып табысты. Кешелі бері осындатексеріс жүргізіп, 80-ге жуық тәртіп бұзған адам тіркелді. Сырттан келіп,жастарды үгіттеп, осы іске итермелегендер де бар. Жергілікті полиция, ҰҚКтергеу жұмыстарын жүргізіп, жауап алып жатыр. Бүгін мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев Шорнақтағы жағдай бойынша жиын өткізіп, кінәлілерді қатаңжазалауға тапсырма берді. Тағы да айтамын, бұл жерде ұлтаралық мәселе жоқ, бұлбұзақылық жағдай. Шорнақ – мыңжылдық тарихы бар мекен. Қазақ-өзбек ағайындарежелден бірге келе жатқан, тіліміз, дініміз бір, малы қоралас, елі араласжатқан бауырлас елміз. Біз екі ұлт арасындағы алауыздыққа, төбелеске ешқашан жолбермейміз. Кеше орын алған жағдай бүкіл елге тарап, ыңғайсыз жағдай орын алды.Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауыл үшін бұл ұят нәрсе. Әрине, интернет дамығанзаманда бұл жағдайды бұрмалайтын арандатушылардың болары анық. Тек солардыңсөзіне еріп кетпеу керек. Ауыл ақсақалдары да жастар мен аға буынды сабырғашақырып, бірлікті нығайтуға күш жұмсауы керек», – деп жазды облыс әкімі  Өмірзақ Шөкеев фейсбуктегі парақшасында. ⠀     22 шілдеде Кентау қаласы бассанитарының қаулысына сәйкес, Шорнақ ауылының басқа өңірлерге кіріп-шығатынбөліктеріне блокпост қойылды. Мұны әкімдік коронавирусқа байланысты қабылданғаншешім деп түсіндірді. Алайда блокпост ауылға сырттан келгендерді кіргізбеу үшін қойылғаны күмән туғызбайтын сияқты.

Қазір жергілікті билік Шорнақта атқарылып жатқанәлеуметтік жобаларды жарнамалап жатыр. Шорнақта биыл ауызсу мен ағын су мәселесішешімін табады екен. Қ.Рысқұлбеков атындағы мектеп-интернаттың жатақханасынақұрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл интернатта әлеуметтік жағдайы төменотбасылардан шыққан балалар мен шалғайдағы шаруалардың балалары білім алады.

Осы оқиға кезінде  бұзақылық жасағандар мен арандатушыларға қатыстытергеу амалдары жүруде. Сондықтан мәселенің ақ-қарасы ажыратылмай жатыппәлен-түген деп, біржақты баға беруге болмайды. Бәрі уақыттың еншісінде.  

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

Түркістан облысы

Тегтер: