Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:09, 24 Шілде 2020

Шорнақтағы жағдай бойынша жалған ақпарат таратқан 6 адам анықталды

 Түркістан облысыКентау қаласына қарасты Шорнақ ауылындағы жағдайды бұрмалап, жалған ақпараттаратқан алты адам анықталды.

Мұндай мәліметті облыстық Полиция департаментініңбастығы Қайрат Дәлбеков жасады. 

— Шорнақта тұрмыстықжанжал орын алған. Полиция қазір бұзақылық әрекеттері бойынша 4 азаматты ұстады.Олардың екеуі сот санкциясымен қамауға алынды. Шорнақтағы жалпы жағдай тұрақты.Сонымен қатар әлеуметтік желіде ескі бейнежазбаларды көрсетіп, халықтықұқықбұзушылыққа шақырушылар болды.  Жалғанақпарат таратқан алты азамат анықталды. Олар қылмыстық жаукершілікке тартылатынболады,-деді облыстың бас полицейі.

Түркістаноблыстық полиция департаментінің хабаралуынша,  21 шілдеде Шорнақ ауылында ер адам мен ауылдасының арасындатүсінбеушілік орын алып, соңы бұзақылыққа ұласқан. Жәбірленушінің үйіне көлікпен келгенбірнеше адам оның және көршілерінің үйіне тас лақтырған. Оқиға орнына бірінші болып келгенКентау қалалық ПБ-нің учаскелік полиция инспекторы жанжалды жағдайды тоқтатушараларын жүргізді. Полиция қызметкері алған жарақатына және азаматтардыңбелсенді бағынбаушылығына қарамастан өз міндетін атқарып, күш пен атыс қаруынқолдануға жол бермеген. Учаскелік полицияинспекторы мен үш ауыл тұрғыны тастан жарақат алған. Оларға медициналық көмеккөрсетілді.

Келесі күні Шорнақ ауылында арандатушылар жиналып, жақынмаңдағы ауыл тұрғындарын заңға қайшы әрекеттер жасауға шақырған. Аталған жайтполиция қызметкерлерімен бірден тоқтатылды. Ауыл тұрғындарымен облыстың қоғамдықжәне әкімдік өкілдері кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Шорнақауылы бұрын Түркістан қаласына қараған. Түркістаннан 15-20 шақырым қашықтықтажатыр.  2018 жылы Түркістан облысорталығы болған соң елді мекен Кентау қаласының аумағына өтті. Ауылда қазақ бенөзбек ұлтының өкілдері тұрад
Тегтер: