Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:22, 21 Шілде 2023

Швецияда Құранды теуіп, өртеген акция мұсылман елдерінің ашуын тудырды

None
None

Стокгольмдегі Ирак елшілігінің жанында екі ереуілшінің Құранды таптап, өртеп жібермек болған әрекеті мұсылман елдерінде наразылық толқынын тудырды.

Сауд Арабиясы Швецияның Эр-Риядтағы уақытша сенімді өкілін шақырып, оған «Құранды қорлағаны үшін» наразылық нотасын тапсырды», — делінген Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Катар мен Иран билігі де Швеция елшілеріне наразылық білдірді, ал Түркия Сыртқы істер министрлігі мұсылмандардың қасиетті кітабына жасалған жантүршігерлік шабуылды «қатаң айыптайтынын» мәлімдеді.

«Біз Швециядан исламға және миллиардтаған сенушілерге қарсы осындай өшпенділік қылмыстарының алдын алу үшін шаралар қабылдайды деп күтеміз», — деді Түркия Сыртқы істер министрлігі.

Швеция баспасөзінің хабарлауынша, акцияға қатысушылардың бірі Құранды теуіп кейін жиналған адамдар  көзінше акцияға қатысушымен бірге кітапты өртеп жібермек болған, бірақ ол жанбаған. Осыған байланысты Ирак үкіметі Стокгольмдегі уақытша сенімді өкілін кері шақырып алып, сонымен қатар Швеция елшісі Джессика Свардстремді елден шығару туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Ливанда «Хезболла» тобы араб және ислам елдерін Бағдадтан үлгі алып, Швеция елшілерін шығаруға шақырды.

Ирак астанасы Бағдадта Стокгольмде Құранның өртелуіне байланысты жарияланған акция қарсаңында жүздеген демонстранттар Швеция елшілігінің ғимаратына басып кіріп, оны өртеп жіберді. Ирак полициясы жиналғандарды тарату үшін су шашқан.

Бұл оқиғаны Ұлыбритания билігі қатаң айыптады. Лондон Бағдад үкіметінің кінәлілерді жауапқа тарту ниетін құптайтынын айтты.

Тегтер: