Шығыс адалдық алаңы ма, әлде жемқорлық араны ма?!

«Шығыс – адалдық алаңы» деп ұрандатып, жобалықкеңсе ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарқынды күрес жаппай жүргізіліпжатқандай көрінгенімен, облыс басшылығының қазір оны тізгіндеуге қауқарсызекені рас.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ШҚО департаментінің мәліметінесүйенсек, жыл басынан бері анықталған 130 қылмыстықістің 109-ы сыбайлас жемқорлықпен байланысты болып отыр. Миллиардтаған бюджет қаражатының нақты мақсатқажұмсалуына кедергі келтіретін мұндай фактілердің қайсысының астарына үңілсек те,оның жан-жақты ойластырылып, жеңұшынан жалғасқан әккі айламен орындалатынынбайқауға болады.
Департамент дерегіне сүйенсек, шығысөңірде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке 61 шенеунік ілінген. Оныңәрбір сегізіншісі мемлекеттік органдардағы басшылық қызметте отырған дөкейлер.
Бұлөткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда қаражат жымқыруға ұмтылатындардыңқарасы қарқынды артқанын аңғартады. Жыл басынан бері анықталған 130 фактініңкесірінен мемлекет бюджетіне келген зиян 1,1 млрд теңгені құрайды.
Осы тұрғыда мәжіліс депутаты,экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы НұртайСабильяновтың NEGE.KZ сайтына бергенсұхбатында Шығыс Қазақстан облысында жемқорлықтың кеңінен етек алып баражатқанына алаңдаушылық білдіруін орынды деуге әбден болады. Нұртай Салихұлыөңірдегі әлеуметтік мәселелердің түбегейлі шешілмей келе жатқанына, бөлінгенақшаның нақты мақсатқа жұмсалмайтынына өңірді жайлаған жемқорлық себепші екенінатап көрсеткен болатын. «Мұны көзбен көріпқана жүрген жоқпыз, құжат бойынша да дәлел бар. Мысалы, Аягөз ауданы бойыншабес ауызсу жобасына бөлінген қаражат талан-таражға салынған. Ол туралы тиістіқұқық қорғау органдарының тексеру нәтижесі де, соттың шешімі де бар. Сол сияқтынысандарға берілген қаражат игерілсе де, оның сапасы өз деңгейінде емес.Қағазда керемет, өмірде басқа. Аягөз қаласында «кәріз жүйесі іске қосылды» деп қағазжүзінде айтылғанымен, тұрғындар мұны теріске шығарып отыр. Көкпекті ауданыСамар ауылындағы ауызсу мәселесін шешуге 1 млрд-тан астам қаражат бөлінсе де,нәтиже жоқ. Жол салынады, бірақ сапасыз. Қаражаттың қайда кеткенінбақылау жағы кемшін. Мемлекеттен бөлінген қаражаттың мақсатқа сай тиімдіжұмсалуын қадағалау керек», – дейді мәжіліс депутаты осы сұхбатында.
СәтжанҚАСЫМЖАНҰЛЫ