07:46, 20 Шілде 2020
Шымкент әкімдігі 1 миллион теңге өтемақыға түсінік берді

Шымкентқалалық әкімдігі дәрігерлердің туыстарына төленген сомаға қатысты түсінікберді.
— Мемлекет басшысы айтқан 10 миллион теңге көлеміндеөтемақы төлеу туралы шешімді арнайы комиссия қабылдайды. Қазіргі таңда комиссиямүшелері әрбір нақты жағдай бойынша тиісті жұмыс жүргізуде. Берілген бірмиллион теңге төлемдерге келетін болсақ, қала әкімдігі арнайы комиссияныңқорытындысын күтпей, қосымша қаржылық көмек беру туралы шешім қабылдады. Еске салакетейік, бұл қаражат «Шымкент — Қайырымды қала» әлеуметтік қорынан бөлінгенболатын. Қаза болған дәрігерлердің туыстарына, сондай-ақ пандемия кезіндеөмірден озған баршаның отбасына қайғыра көңіл айтамыз,-делінген әкімдіктің таратқан ресми хабарламасында.