Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:50, 27 Шілде 2020

Шымкент әкімдігі 3 миллиард теңгені үнемдеді

Шымкентқаласының әкімдігі ел аумағына төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты басымемес бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында 2020 жылдың бюджетін қайтақарады.

Екі рет нақтылаудың нәтижесінде 3 094,5 млн. теңгеоңтайландырылды. Қысқартылған шығынның ішінде техникалық құралдарды сатып алуға, түрлі іс-шараларды өткізуге, қаланыабаттандыруға арналған қаржы бар.

Үнемделген қаржы індетке қарсы күрес шараларына,ауруханаларды дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтармен қамтуғабағытталды. Нақтылап айтқанда, 1 647,5 млн. теңге дәрілік заттар  мен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға,медицина қызметкерлерін уақытша баспанамен қамтамасыз етуге және көлікпентасымалдауға, оттегі станциясын орнатуға бағытталса, 236,3 млн. теңге қаланыдезинфекциялау жұмыстарына, ал   2 050,0млн. теңге қаладағы жұқпалы аурулар госпиталының құрылысына   бағытталған.

Шілдеде  эпидемиологиялықжағдайға байланысты бюджет шығындарына талдау жасалып, жалпы  7 214,6 млн. теңге оңтайландырылады депжоспарлануда. Нақтылау кезінде мәдени іс-шаралар өткізу, қаланы көгалдандыру –абабаттандыру, қызметтік іссапарлар, мемлекеттік мұқтажға жер телімдерін алу,құрылыс жұмыстары сияқты шығындар қысқартылады. Аталған қаржы денсаулық сақтаусаласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады.

Тегтер: