Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:39, 19 Тамыз 2020

«Shymkent bike» жобасы басталды

Шымкент қаласында үлкен магистралдыкөшелерге  веложолақтар салынып жатыр. Жұмыстартолығымен аяқталар болса тұрғындар велосипедті қоғамдық көлік ретінде қалааумағында пайлануына мүмкіндік туады.

  Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігі хабарлады.

«Shymkent bike»әлеуметтік-инновациялық жобасы шеңберінде 200 велосипедті құрайтын 40 велостанцияіске қосылуға дайын тұр. Алдағы1,5-2 айдың көлемінде велосипедтер тұрғындар игілігіне беріледі деп күтілуде.

Жоба аясында пайдаланушылар үшін қолжетімді және ыңғайлы тарифтік жоспарларәзірленген. «Bike Sharing» жүйесі арқылы тұрғындар мен қала қонақтарывелосипедті жалға алудың алғашқы 30 минутында тегін айдай алады. Яғни,велосипедтерді жақын орналасқан станцияларда алмастырып, ұзақ уақыт бойы тегінқолдануға  мүмкіндік болады.

Тегтер: