Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:43, 29 Шілде 2020

Шымкентке-2200 жыл

Шымкент қаласыныңтуризм басқармасының бастамасымен «Ескі қалашықта» гид-экскурсоводтарғаарналған тест-тур өткізілді.

Тур барысында экскурсоводтар қалашықтың негізгінысандарымен танысып, алдағы уақытта жеке тәжірибесінде қолданатын ақпараттаралды.

Ескі қалашық «ҚР туристік саланы дамытудың2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясындағытуристендіру картасының ТОП-50 нысанының тізіміне енгізілген.

Болашақта жоба туристерді тартатын орталыққаайналып, Тәуелсіздіксаябағы, Ордабасы алаңы, Қошқар ата өзені секілді жақын орналасқан нысандарменбірлесе тартымды туристік дестинация ретінде қалыптасатын болады. Қазіргі таңда«Ескіқалашықтың»құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Онда амфитеатр, ежелгі мұражай менгалереялар бой көтеріп, қаланың көркіне айналады деп күтілуде. Туристертоластамайтын Ежелгі Римнің Колизейі секілді танымалдығын арттыру мақсатындабіршама шаруалар атқарылуда. Қазіргі таңда салалық басқармамен нысан және жалпыкешен бойынша туристік маршрут әзірленуде.

Естеріңізге сала кетейік, «Мәдени мұра»бағдарламасы аясында қаланың тарихи орнында қазба жұмыстарыжүргізіліп, археологтар ежелгі және ортағасырлық қаланың дамудинамикасын сипаттайтын қызықты мәліметтер берді. Сол арқылы қаланың қалыптасууақыты  б.з. д. 2 ғасыр екендігі анықталды. Яғни, Шымкент 2200 жылдық тарихы бар қала.

 

Тегтер: