Шымкентке 4 млрд. теңгенің дәрісі жеткізілді

Шымкентқаласына Ресей, Өзбекстан, Беларусия, Украина және Үндістан елдерінен жұқпалыауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер келіп түсті.
Сондай-ақ, 4 млрд теңге ($10 миллион) сомаға келісім-шартжасалған фармацевтикалық өндірушілерден тікелей қала аумағына жүк ұшағы мен үшжүк көліктері келді.
Шымкент қаласына дәрілік препараттарды тасымалдауғарұқсат етілген сегіз компания жеткізді. Келген өнімдердің ішінде левофлоксацин, цефтриаксон, дексеметазон,аскорбин қышқылы және басқа да препараттардың 20-дан астам түрі бар.
Дәріханаларға келіп түскен дене қызуын төмендететін жәневирусқа қарсы препараттар ЖРВИ, COVID-19, пневмонияны емдеуге арналған.
Өзге елдерден қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізугежергілікті сегіз компания рұқсат алған. Шымкент қаласына ӨзбекстанРеспубликасынан дәрі-дәрмектерді бес компания жеткізіп отыр. Сонымен қатар,«Ақ ниет» компаниясы дәрі-дәрмектің — 14 түрін, «Зерде» — 10, «Аптека-5»-8, "Қойбағаров" ЖК — 9, «Отау Мед» — 23 түрін жеткізді.
-Қазіргі таңда, келіп түскен дәрі-дәрмектер қаланың ірідәріханаларына толық жеткізілді,-деп хабарлады Шымкент қалалық әкімдігі.