Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:47, 29 Шілде 2020

Шымкентте 24 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады

Шымкент қаласының білім ұйымдары жаңа оқу жылын 222мыңнан астам оқушымен бастағалы отыр.

Бұл туралы білім басқармасының басшысыЖанат Тәжиева жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы өткен баспасөзмәслихатында мәлім етті.

Басқарма басшысының мәліметінше, бірінші сыныпқа 24мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланған. Бүгінге дейін 17 401 өтініш берілген.Құжаттар электрондық үкімет Egov.kz порталы және mektep.shymkent.edu.kz сайтыарқылы қабылданып жатыр.– Шымкент қаласы жаңа оқу жылын 745 білім беру мекемелерімен бастағалы отыр.Олардың қатарында мектеп, балабақша, колледж бен қосымша білім беру мекемелерібар. Қаладағы 172 мектептерге 18 мың жаңа парта, соңғы үлгідегі бейне бақылаукамералары мен 30 мектепке турникеттер орнату жоспарлануда. Ал біліммекемелерінің жылыту жүйелерін жөндеу, қысымдау жұмыстары толық аяқталды. Жекеқазандықпен жылытылатын 25 мекемеге 4 793 тонна қатты және 190 тонна сұйық отынтасымалдануда,-деді басқарма басшысы.

Жаңаоқу жылында 11-сыныптарды оқулықтармен 100 пайыз және қалған сынып оқушыларынқосымша кітаппен қамтамасыз ету үшін баспалармен толық келісімшарт жасалып,оқулықтарды тасымалдау басталған. Айта кету керек, кітаппен қамту жұмыстары 25тамызға дейін жалғасады.

 

Тегтер: