Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:45, 29 Шілде 2020

Шымкентте 42 368 балаға бір реттік көмек беріледі

Шымкентте «Мектепке жол» акциясы аясында 30 мың теңгекөлемінде бір реттік көмек беріледі   Бұлтуралы Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ж.

Тәжиеваақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде айтты.

Жаңа оқу жылына дайындық барысын баяндаған шаһардың басұстазы әлеуметтік көмекті қажет ететін 42 368 балаға қаржы қаралып, жаңа оқужылында «Мектепке жол» акциясы аясында әр балаға 30 мың теңге көлемінде бірреттік көмек берілетінін жеткізді.

– Жаңа оқу жылында мектепке 222 мыңнан астам оқушы келедідеп күтілуде. Оныңішінде, 1-сыныпқа қабылдау жоспарланған 24 169 оқушының, электронды форматта 17401-і қабылданды. Сабақ қашықтан және «кезекші сыныптардың»қатысуымен мектепте санитариялық тазалықты сақтай отырып жүргізіледі. Әзіргешалғайдағы тұрғын алаптарда орналасқан 8 мектеп толығымен штаттық режимде сабақөтеді деп жоспарлануда. Бұл жерде ата-аналардың рұқсаты ескеріледі. Аталғанмектептерде бала санының аздығы есепке алынды. Жалпы мектепте бала саны 200оқушыдан аспайды.

Қашықтаноқитын оқушылардың ішінде аз қамтылған және әлеуметтік әлсіз топтары мен көпбалалы отбасыдан шыққан оқушыларды компьютерлік құрал-жабдықтармен қамтамасызету бойынша жұмыстар жүргізілуде,- дейді қалалық білім басқармасының басшысыЖанат Арысбекқызы.

 

Тегтер: