Шымкентте 70-тен астам әйел азық-түлік талап етіп, әкімдікке жиналды
30 наурызда түс кезінде Шымкентте 70-тен астам әйел қалалық әкімдік алдына жиналып, азық-түлік үлестіруді талап етті.
Әйелдердің айтуынша, өткен аптада билік әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға арнап азық-түлік үлестіретінін хабарлаған. Бірақ әлі күнге дейін көмек келген жоқ деп шағымданды.
"Олар таратқан хабарламада телефон жазылған. Бірақ оған хабарласқан кезде ешкім алған жоқ. Әкімдікке де хабарластық. Нақты жауап ала алмадық. Осындай қиын жағдайда неге мемлекет көп балалы отбасыларды, жалғызбасты аналарды қорғамайды?" деді ашынған әйелдердің бірі.
Жиналған әйелдердің бірі әкімдікте жағдайы нашар отбасы ретінде тізімде тұрғанын, бірақ соған қарамастан әлі күнге дейін азық-түлік алмағанын айтты.
/> Әкімдік алдына жиналған әйелдердің бірі. 30 наурыз 2020 жыл. "Неге біз сияқты жағдайы нашар отбасыларға таратпайды? Қазір жұмыс істемейміз. Балам үшке де толған жоқ. Атаулы әлеуметтік көмектің үшінші айын кешіктіріп жатыр. Неге оны уақытында бермейді? Үйден шықпа, шықпа дейді. Егер аш болсаң, қалай шықпайсың?" деді әйелдердің бірі Азаттық тілшісіне.
Басым бөлігі Қаратау ауданынан келген тұрғындар әкімдік тұрмысы нашар отбасыларға көмек берсін деп талап етіп, "азық-түлік!" деп айқайлады.
Оқиға орнында жүрген полиция қызметкерлері коронавирус жылдам тарап жатқан шақта топтасып жиналуға болмайтынын айтып, тарауды талап етті. Алайда ашынған әйелдердің кейбірі талаптары орындалмайынша әкімдік алдынан кетпейтінін айтты.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз хатшысы Сүндет Сейітовтің айтуынша, қала бойынша 30 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасының тізімі жасалған. Ал қоймада бар азық-түлік қоры тек 2 мың отбасын қамтамасыз етуге ғана жетеді.
"Қазір көмек беру мәселесі қаржыға тіреліп отыр. Былтыр мысалы кәсіпкерлердің есебімен тұрмысы нашар отбасыларға қап-қап картоп, май, пияз, күріш, еті бар бердік. Бұл жолы да кәсіпкерлер есебінен берілуі мүмкін. Әзірге белгісіз" деді ол.
Бұған дейін осыған ұқсас оқиға Қызылорда да болған. Өткен аптада Қызылордада жүзден астам адам азық-түлік қоймасына барып, азық-түлік үлестіруді талап еткен.
Қарай отырыңыз: Қызылордада жұрт азық-түлік кезегіне таласты (27 наурыз 2020 жыл).
<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="Қызылордада жұрт азық-түлік кезегіне таласты" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b">
Embed Бөлісіңіз Қызылордада жұрт азық-түлік кезегіне таласты
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30513137.html» dir=«ltr» readonly />
No media source currently available
0:00 0:01:42 0:00 Жүктеп алу