Шымкентте 9 инвестициялық жоба іске қосылды
Шымкент қаласында 9 инвестициялық өндіріс орныіске қосылды. Оның ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде қатысты.
Онлайн-жиында Мұрат Дүйсенбекұлы жаңадан ашылып жатқанкәсіпорындармен тікелей эфирде байланысқа шығып, еңбек ұжымдарымен пікіралмасты. Шаһар басшысы өз сөзінде елімізде мемлекет тарапынан кәсіпкерліккежоғары қолдау жасалып отырғанына тоқталып, нәтижесінде үшінші мегаполисте жаңажұмыс орындарының ашылып жатқанын атап өтті.
— Бүгінгі таңда Шымкент қаласы өнеркәсіп пен сауданың,мәдениет пен өркениеттің қаласы болып саналады. Қала аумағында бірнеше жаңаинвестициялық өндірістік жобалар іске қосылды. Қаламыздағы өнеркәсіпкәсіпорындары «Бизнестің жол картасы-2025» және экономиканың басым салаларындамытудағы «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік қолдау бағдарламаларышеңберінде жүзеге асырылуда, — деді қала әкімі.
Шымкент қаласы аумағында іске қосылған жобалардың жалпықұны 2,5 млрд теңгені құрайды.