Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:27, 20 Шілде 2020

Шымкентте аулалар абаттандырылып жатыр

Шымкент қаласы Нұрсәтшағын ауданында тозығы жеткен 57 аула абаттандырылып, заманауи үлгідегі балаларалаңшалары мен жаттығу тренажерлары орнатылып жатыр.

Бұл жұмыстарды «Бай-Болашақ» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындажүргізуде. Сонымен қатар ауданда жергілікті бюджет есебінен тағы 8 аулаабаттандырылып отыр.

Қалаәкімі Мұрат Әйтенов шағын аудандағы құрылысы жүріп жатқан абаттандыружұмыстарын тексеріп, жергілікті халықпен кездесті. Тұрғындар аулаларыныңабаттандырылып, балалар алаңшаларының бой көтеріп жатқанына ризашылығынбілдірді.

Измиркөшесі бойындағы көпқабатты үйлердің абаттандыру жұмыстарымен танысқан қалабасшысы, аудан әкіміне абаттандыру жұмыстарының жобасына автотұрақ кеңістігінкеңейту жайын қарастыруды тапсырды. Бұдан бөлек, қала басшысы құрылысты қалатұрғындарына ыңғайсыздық туғызбай және жұмыстың тиісті сапасын қамтамасыз етеотырып жүргізу қажет екенін айта өтті. 

Қазірдеаудан аумағындағы Нұрсәт, Тұран, Мирас, Достық, Қайнарбұлақ шағын аудандары мен Қайнарбұлақсаяжайында жаңадан 10 ашық спорт алаңы орнатылып жатыр.

Тегтер: