Шымкентте биыл бір жарым мың пәтер берілді
Бұл жөнінде қалалық құрылыс басқармасымәлімдеді. 7 айдың қорытындысымен 1 416пәтерлі 20 кредиттік тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.
Оның ішінде, 8–әкімшілік-іскерлік орталығында, 12 – Шымкент сити шағын ауданында орналасқан.
Тамыз айындаШымкент сити шағын ауданында 10,5 мың шаршы метрді құрайтын 160 пәтерлі 4 үйтапсырылады деп жоспарлануда.
Биыл жалпы 612 мың шаршы метр тұрғын үйдіпайдалануға беру жоспарланған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жеті айдапайдалануға тапсырылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 299,86 мың шаршы метргежетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіменсалыстырғанда құрылыс көлемі 1,6 есеге артты.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен ауданы 1 млн. шаршы метр 262 көпқабаттытұрғын үй салынуда. Оның ішінде, құрылыс басқармасы арқылы бюджет есебінен 92тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.
Айта өту қажет, тұрғын үй құрылысы 2 бағытта,яғни кредиттік және арендалық түрде іскеасырылып жатыр.