Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:47, 17 Шілде 2020

Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Соңғы 7 күнде Шымкентке Үкімет тарапынанбөлінген екі ұшақпен және бес жүк көлігімен Үндістан, Ресей мен Украина еліненқажетті дәрілер жеткізілді.

Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөзқызметі хабарлады.

Оларең алдымен қаладағы медициналық ұйымдарға, сосын дәріханаларға таратылатынболады.

Қалаәкімі Мұрат Әйтенов «Аптека №5», «Мега Фарм Плюс» серіктестіктердің көтермеқоймаларына арнайы барып, жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және дәрілікқордың жеткілікті екеніне көз жеткізді.

Бүгіндеаталған екі фарм компания қорында 273 мың флакон левофлоксацин ерітіндісі, 200мың қорапқа жуық аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі, 130 мыңқорап аналгин мен димедрол, эуфиллин ерітіндісі сынды маңызды медикаменттің 8түрі келген.

Соныменқатар, Қазақстанды оның ішінде Шымкент қаласын қажетті дәрімен қамтамасыз етуде«Химфарм» дәрі-дәрмек зауытын ерекше атап өткен жөн. Бүгінде мұнда инъекциялықерітінділер мен инфузиялар, қатты пероральді дәрілік заттар (таблеткалар, саше,ампулалар), антибиотик ұнтақтары шығарылады.

Тегтер: