Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:42, 29 Шілде 2020

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай жақсарды

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылысөйлесу барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағыэпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын баяндады.

Бұл туралы Шымкент қаласыәкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай,коронавирус індетінің таралуына жол бермеу, сондай-ақ карантин режимінқамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетумақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.– Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Өткен тәулікте 54вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім 1,2 пайызды құраған. Осы айдың басындағыкөрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге төмендеген. Сонымен қатар, жедел жәрдемшақыру 43 пайызға азайып, стационарларда ем алушылардың саны 56,9 пайызғатөмендеп отыр. Сіздің тапсырмаңызбен қала қоймаларында бір айлық дәрінің қорыжасақталды. Бүгінде шет мемлекеттен 2 млн. 676 мың флакон бірінші кезектегідәрілер мен 16 млн. 700 мың маска жеткізілді. Сондай-ақ, қосымша 58 ИВЛ, 250«Бобров» тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық мониторлар алынды. Қазіргітаңда, реанимациялық орынның 88,7 пайызы ИВЛ аппараттарымен қамтылып отыр,-деді қала басшысы.

Соныменқатар, Мұрат Әйтенов төтенше жағдайға орай табысынан айырылған азаматтарғатиесілі 42500 теңге көлеміндегі біржолғы төлем Шымкент қаласының 100 504азаматына берілгенін атап өтті.Телефон арқылы сөйлесу барысында Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап,аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантиншараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсендітүрде жүргізе беру керектігін айтты.

Тегтер: