Шымкентте «iKomek» орталығы жұмыс істеуде

Шымкентте азаматтарға қызмет көрсету деңгейін арттырумақсатында «iKomek» орталығы ашылды.
Қалалық әкімдік мамандарының айтуынша, тұрғындар тәулік бойы «109» бірыңғай байланыс нөміріне тұрғынүй коммуналдықшаруашылық, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, көшелерді тазалау, жол қозғалысысынды мәселелермен қоңырау шала алады.Нәтижесінде қала әкімініңтапсырмалары мен тұрғындардың шағымдарының орындалуын онлайн бақылауғамүмкіндік туады. Мәселелердің шешіліп жатқанына орай сала басшыларыныңжұмыстары бағаланады.Орталық тәулігіне 3000қоңырау қабылдай алады. Қажет болған жағдайда 5000-ға жуық азаматқа қызметкөрсетеді. Ол үшін тәулік бойы 26 қызметкер жұмыс істейді.Шілденің соңында бірыңғайбазаның веб-сайт үшін өтініштерді қабылдау модулі, мобильдік қосымшасы,тelegram-бот іске қосылады.