Шымкентте коронавирустан екі айлық сәби жазылып шықты
Шымкентте коронавирус жұқтырғандардың саны көбейіпкеледі. 22 сәуір сағат 22-50-дегі жағдай бойынша мегаполисте қауіпті инфекцияжұқтырған тағы 28 адам тіркеліп, жалпы COVID-19 диагнозы нақтыланғандардың саны 131-ге жетті.
Қалалық әкімдіктің таратқан мәліметіне қарағанда, вирусжұқтырған 28 азаматтардың барлығы бұғандейін ауру анықталған азаматтармен қарым-қатынаста болғаны үшін карантиндікстационарға жатқызылғандар.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық.Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынастаболған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауруошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Бұған дейін қалада төтенше жағдайлар мамандарыарасында COVID-19 індетін жаппай жұқтыруы деректері тіркелді.17-21 сәуір аралығында аталған дерт 36 төтенше жағдай қызметкерінен анықталды.Оның 2-еуі бөлім басшысы, 18-і басмаман, 16-сы өрт сөндіруші. Олар инфекцияны осы дертпен науқастанғанәріптестерінен жұқтырған.
Бүгінгі күнге дейін Шымкентте COVID-19 дертінен 17 адамжазылып шыққан. Олардың арасында вирусты жұқтырған екі айлық сәби де бар. 6сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына Түркістан облысынан 1972 жылытуған азамат ауыр халде жеткізілген болатын. Бір апта бойы дәрігерлер науқастың өмірі үшін күресіп оң нәтижеге қол жеткізді. 20 сәуірде науқас сауығып, үйіне шығарылды.
Коронавирусқа қатысты мақалаларды сайтымызда арнайы ашылған айдар мына жерден оқи аласыздар.
Бақытжан Әбдіраш