Шымкентте Medical service сервисі іске қосылды

Шымкент қаласында азаматтарға онлайн түрдемедициналық қызмет көрететін 1430 Medical service сервисі іске қосылды.
Бұлтуралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.
Аталғанонлайн плотформа арқылы дәрігерлер науқастарға бейнебайланыс арқылы кеңес береалады. Бағдарламаның негізгі мақсаты — қалалық емханалардың жұмысын жеңілдетіп,науқастардың дәрігерден көбірек кеңес алуға мүмкіндік береді.
Қалалықденсаулық сақтау басқармасының өкілі Жақсылық Мәуленқұловтың айтуынша, медициналық қызметті онлайн алу үшін әуелі«1430.kz» порталына тіркелу қажет. Азамат өзіне қажет дәрігерді таңдап, онлайнтүрде консультацияға жазылады. Денсаулық сақтау басқармасы өкілінің сөзінше,қазіргі таңда аталған платформаға 70-ке жуық дәрігер тіркелген.
–Портал арқылы консултацияға жазылған науқас жөнінде хабарлама бірден дәрігергекеліп түседі. Онлайн хабарламаны алған сәттен бастап науқастардың талдау нәтижелеріментанысып, бейнебайланысқа шығады. Қызметтің бұл түрін қолдану үшін компютернемесе смартфон болса жеткілікті. Жоспарға сәйкес аталған бағдарлама бүгінненбастап қолданысқа енді. Алдағы уақытта қаладағы бүкіл дәрігерлерді осы порталғатіркеуді жоспарлап отырмыз, — деді Жақсылық Оразбайұлы.
Айтакетейік, казіргі таңда медициналық қызметтің мұндай түрі Нұр-Сұлтан және Алматықалаларында қосылып, нәтиежелі жұмыс істеп келеді.