Шымкентте «Менің Қазақстаным» онлайн-фестивалі өтеді

«Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында 1–15 тамыз аралығында ТМД-ға мүше мемлекеттерарасында Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы, композитор ШәмшіҚалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» эстрадалық әндердіорындаушылардың онлайн-фестивалі өтеді.
Фестивалдің мақсаты – ТМД-ға мүше мемлекеттерарасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, рухани байланыстардыкеңейту, композитор шығармаларын дәріптеу, қазақ халқының мәдени мұрасын әлемгетаныту.
Фестиваль қорытындысы бойынша телевизиялықнұсқада концерттік бағдарлама дайындалып, телеарналардан беріледі. Үздікқатысушылар алғыс хатқа ие болады және 2021-2022 жылдар аралығында карантинрежимі аяқталғаннан кейін шақырушы тараптың есебінен Шымкент (Қазақстан)қаласында өтетін халықаралық іс-шараларға шақырылады.
Айта кетейік, фестивалді ТМД қатысушыелдерінің Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қоры мен ҚазақстанРеспубликасындағы Росынтымақтастық өкілдігінің қолдауымен Шымкент қаласыныңәкімдігі мен Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтербасқармасы ұйымдастырады.