Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:51, 18 Тамыз 2020

Шымкентте мобильді интернеттің сапасы артады

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары АйбекСәттібаев шаһарды  цифрландыру бойыншаөткен жиналыста қала әкімі Мұрат Әйтеновке баяндады.

Әкімнің тапсырмасына сәйкес қалалық жерқатынастары басқармасы байланыс антенналарын орнату үшін 11 жер телімін бөліп,оларды заңдастыру туралы қаулы шығарды.

А.Сәттібаевтың айтуынша, байланыс антеннасынорнатуды инвестор өз есебінен жүргізеді. Одан әрі ұялы байланыс операторларыөздерінің базалық станцияларын осы құрылғыға жалғайды.

  «Энергетикажәне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына тиесілі жарықтандырубағандарына мобильді операторлардың базалық станцияларын инвестор орнататыннеғұрлым тұрақты бағандарға ауыстыруды ұсынамыз, — деді әкім орынбасары.

  Сондай-ақ,мобильді интернет пен байланыстың сапасын жақсарту шеңберінде цифрлық даму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері Шымкентте ұялыбайланыстың нашар аймақтарын, яғни өлі аймақтарды анықтау бойынша жұмысжүргізді.

Тегтер: