Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:33, 24 Шілде 2020

Шымкентте қауіпті індеттен 2499 азамат жазылып шықты

Шымкентте  14 емхананың күндізгі бөлімінде ЖРВИ жәнепневмониямен ауыратын науқастарға тегін дәрілер беріледі.

  

Шымкент қалалық әкімдігінің хабарлауынша, соңғы 7 күндеҮкімет тарапынан бөлінген екі ұшақпен және бес жүк көлікпен Үндістан, Ресей менУкраина елінен қажетті дәрілер  жеткізілді. Олар ең алдымен қаладағымедициналық ұйымдарға, сосын дәріханаларға таратылуда. Дәрілік қор жеткілікті.

— Өздеріңізге белгілі, күні кеше Шымкентке Ресейден бір топ дәрігер келіп,коронавирустық инфекциямен күрес бойынша тәжірибе алмасуда. Ол дәрігерлер 3-4топқа бөлініп, белгілі бір ауруханаға бекітілген. Екіжақты жұмыстардыңнәтижесін алдағы уақытта жариялап отыратын боламыз, — деді онлайн брифингте қалалық денсаулық сақтаубасқармасының өкілі Жақсылық Мәуленов.

Айтакетсек, бүгінгі күнге дейін қалада коронавирус індетін жұқтырған 4251 адамтіркелген, қауіпті індеттен 2499 азамат жазылып шыққан.

Тегтер: