Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:50, 14 Тамыз 2020

Шымкентте спортты дамытудың тұжырымдамасы бекітілді

Шымкентте спортсаласындағы бірқатар мәселелерді шешу және дамыту мақсатында қаланың денешынықтыру және спорт басқармасымен 2020-2024 жылдарға арналған спортиндустриясын дамыту тұжырымдамасының пилоттық жобасы әзірленді.

Шымкент қаласыәкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жобаны іске асыру нәтижесінде үшіншімегаполистің спортшылары 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарынақатысуға 20 лицензия алады, сондай-ақ 5 медаль алу мүмкіндігіне ие болады депжоспарлануда.

Бұл тұжырымдама қаладағы спорт индустриясындамытудың негізгі бағыттарын көрсетеді. Атап айтқанда, жаңа спорт нысандарынсалу және қайта қалпына келтіру, аула спортын дамыту, білім беру жүйесіментығыз байланыс орнату, жалпы білім беретін мектептерде резерв даярлау, спорттықжабдықтармен қамтамасыз ету, сондай-ақ жаттықтырушы кадрларды тарту және өзкадрларын даярлау.

Сонымен қатар, тұжырымдамада «Damu»бағдарламасы бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларды тұрғын үймен қамтамасызету, спорт инфрақұрылымын дамыту және спортшыларды даярлау үшін жекеинвесторларды тарту мәселесі қаралған. Бұдан бөлек, 2020-2024 жылдары қаладажоғары дәрежедегі жарыстар өткізу жоспарлануда.

Басқарма мамандарының мәліметінше, спортиндустриясын дамыту тұжырымдамасының іске асуы — қаладағы спорт саласыныңөркендеп, спортшылардың жарыстағы жетістіктерінен көрініс табатын болады дейді.

Тегтер: