Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:34, 19 Тамыз 2020

Шымкентте стационарлардың 80 пайызы бос тұр

Бұл жөнінде бүгінақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қалалық денсаулықсақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлімдеді.

Оның айтуынша,қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен-күнге жақсарып, жұқпалы ауруға шалдыққаннауқастардың саны азаюда.

«Шымкент қаласында  COVID-19 инфекциясымен күреске медициналықұйымдарда 26  провизорлық орындар жұмысістеді.  Бүгінгі күні провизорлық орындардың19  пайызы ғана жұмыс жасап, 81 пайызтөсек-орындар босады» — деп хабарлады Т.Вазилов.

Медициналық мекемелер  тамыздан бастап қалыпты жағдайдағы жұмыстарынбастаған. Яғни, науқастар жоспарлы түрде ем қабылдауына болады.

Сондай-ақ, 11 тамыздағы жағдай бойыншақалада  коронавирус инфекциясынашалдыққан науқастар саны – 5114, оның ішіне 2608 симптомды, 2506 симтомсыз.Індетінен айыққандар саны  3865-кежетті. 

Айта кету керек, елде  жарияланған карантин өңірдегіэпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізді

Тегтер: