Шымкентте тағы бір адамнан коронавирус анықталды
Шымкент қаласында тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 25 наурыз 16.
30-да Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Шымкентте коронавирус жұқтырған бірінші адам 24 наурыз кешкісін анықталған. Ресми дерек бойынша, 1996 жылы туған адам қалаға бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтаннан келген.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Осыдан кейін екі қалада оқитын я уақытша жүрген адамдар өз қалаларына жаппай қайта бастаған.
Қазір Шымкенттің кіреберісіне 12 блокпост қойылды.
Қарай отырыңыз: Қазақстандағы коронавирус динамикасы
Қазіргі дерек бойынша, Қазақстанда 80 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда — 31 адам, Нұр-Сұлтанда — 41 адам, Қарағандыда — екі адам, Шымкентте — екі адам, Алматы облысында — бір адам, Ақтөбе облысында — бір адам, Жамбыл облысында — бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.