Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:46, 15 Шілде 2020

Шымкентте тұрғын үй салатын инвесторлар көбейіп келеді

 Шымкентте  биыл жалпы алаңы 1 млн шаршы метрден асатынкөпқабатты 248 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Оның ішінде ауданы 594мың шаршы метрді құрайтын 126 тұрғын үй жеке инвесторлардың қаржысына салынуда.Инвестиция көлемі 150 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы Шымкент қаласыәкімдігінің баспасөз қызщметі хабарлады. 

Жеке инвесторлардың қатарында құрылыс саласының үздіктеріболып саналатын «BI Group», «Highvill Kazakhstan» ЖШС, «Отау-Строй» ЖШС, «FEBGroup» ЖШС, «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС, «South Company» ЖШС, «Заманауиқұрылыс бұйымдары» ЖШС, «Корпорация Сити-строй» ЖШС секілді отандық компанияларбар.

Айта кетейік, инвесторлар биыл 33 үйдің құрылысынаяқтауды жоспарлап отыр. Қалған 93 үй 2021 жылы пайдалануға беріледі.

Тегтер: