Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:18, 25 Тамыз 2020

Шымкентте жаңа аялдамалар орнатылады

None
None

Шымкентте қала көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жол жөндеу жұмыстарымен қатар жаңа аялдамалар орнатылып жатыр.

Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.

Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қала аумағында 260 дана жаңа аялдама павильондарын орнату жоспарланған.

Атап айтқанда, Абай ауданында 70, Әл-Фараби ауданында 70, Қаратау ауданында 70, Еңбекші ауданында 50 дана жаңа аялдама қойылмақ.   Ал 145 ескі аялдаманы демонтаж жасап, қала сыртында орналасқан елді мекендерде орнату көзделген.

Тегтер: