Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:59, 16 Желтоқсан 2019

Шымкенттегі Азаттық тілшісін белгісіз біреулердің аңдығаны байқалды

None
None

16 желтоқсанда таңертең Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі Дилара Иса өзін белгісіз бірнеше адамның аңдығанын байқады.

Тілшінің айтуынша, таңертең Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу шарасынан хабар тарату үшін көлікке мінген кезде оның соңынан белгісіз көлік ілескен.

— Кейіннен аялдамаға келіп, сол жерден түстім. Сол жерде көліктен екі-үш адамның түскенін анық көрдім. Біреуі аялдамаға дейін келді. Екіншісі менімен бірге қоғамдық көлікке отырып, Қайрат Рысқұлбеков көшесіне дейін барды. Жол бойы менің не істеп отырғанымның бәрін фото-видеоға түсіріп отырды. Бірақ ешкім әзірге жұмысыма кедергі жасаған жоқ, — деді Дилара Иса.

Тілшінің айтуынша, бұған қоса оның телефонмен хабарласуына да кедергі жасалған. Оның айтуынша, таңертең телефонына көліктер сататын танымал сайтқа хабарландыру жариялағаны туралы хабарлама келіп түскен. Ал Дилара Иса мұндай хабарлама жарияламағанын айтады.

— Осыдан кейін телефоным үздіксіз шырылдап, жан-жақтан көлік туралы сұрай бастады. 20-30 рет хабарласқан шығар. Қазір де сәт сайын хабарласып, жөнді видео түсіре алмай жатырмын, — деді Дилара Иса.

Азаттықтың тілшілерінің жұмысына алғаш рет кедергі жасалып отырған жоқ. Бұған дейін Шымкенттегі "рұқсат етілмеген митингіден" хабар таратқан Дилара Исаның камерасын маска киген белгісіз адамдар қолшатырмен көлегейлеп, полицияның белсенділерді ұстауын түсіруіне кедергі жасаған.

Қарай отырыңыз: Қолшатырлы «белгісіз адамдардың» журналистерге кедергісі (31 қазан 2019 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="Қолшатырлы «белгісіз адамдардың» журналистерге кедергісі" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Қолшатырлы &amp;#171;белгісіз адамдардың&amp;#187; журналистерге кедергісі please wait Embed Бөлісіңіз
Қолшатырлы «белгісіз адамдардың» журналистерге кедергісі
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30245999.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:02:44 0:00
Тегтер: