Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:49, 15 Шілде 2020

Шымкенттің шәкірттері үздік үштікте

Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалықорталығы маусым айында бастауыш сынып оқушыларының арасында XІII республикалықматематикалық «Бастау» турнирін өткізді.

 COVID-19 пандемиясына байланысты онлайнрежимде өткен доданың мақсаты – 2-4 сынып оқушыларының математикалыққабілеттері ерекше дамыған дарындыларын айқындау, қолдау, математикаданбілімдерін тереңдету және кеңейту. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан,сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептерінен, Республикалық физика-математикамектептерінен және жекеменшік мектептердің республикалық қауымдастығынанкомандалар қатысқан «Бастау» турнирінің қорытындысы бойынша Шымкент қаласыкомандалық және жекелей де алдыңғы үштіктен көрінді.

Бұдан өзгеқаладағы 5-6 сынып оқушылары арасында «Дарын» орталығы сайты арқылы математикапәнінен 150-ге жуық оқушыларды қамтып онлайн-олимпиада өткізілді. Жақсыкөрсеткішке жеткен оқушылар орталықтың олимпиадалық резервіне жинақталады.«Дарын» орталығы ашылғанына аз уақыт болса да қала оқушыларын өз деңгейіндешығармашылық пен білімге баулып келеді. Мұнда оқушылардың білімін жетілдіруменқатар, қай салаға жақын екенін айқындап, қабілетін аша түседі. 

Тегтер: