Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:45, 21 Шілде 2023

Шыңғыс Айнабеков: Жалған ақпарат таратушыларға қатаң жаза керек

None
None

Әлеуметтік желілер ақпарат ошағы болғаннан кейін, онда жалған, фейк ақпараттардыңда таратылатындығы заңдылық.

Ақпараттыңрас-өтірігін ажыратқандығы жөн. Ал оны қалай ажыратуға болады деген сұраққа трейдер, Саяси технологиялар және ақпараттыққауіпсіздік саласыныңмаманы Шыңғыс Айнабеков сұхбатымызда кеңірек тарқатып айтып берді.

Цифрлы технология заманында жалған ақпараттардыңкөбейгенісоншалық, қай ақпараттыңөтірік-расын ажырата алмай жатамыз. Сол себептен ақпараттарды қалай сүзгіден өткізуге болады?

– Ең бастысы әр жаңалықты, әр ақпаратты қабылдағанда, скепсиспен қарап, оны күмәнмен қабылдау керек. Ақпаратты білімге байланыстыру да – үлкен қателік. Күнделікті бір ақпаратты 3-4 адамнан естісек, ол дәлелденген, тексерілген ақпарат болып қабылданбауы қажет. Кез келген жаңалықтарды талқылағанда алдымен өзіңізге «Бұл шындыққа жанасады ма жоқ па?», «Неге?», «Неге мен сенуім кере?» деген секілді логикалық сұрақтарды қойып көріңіз. Біз кейде жаңалықты оқығанда, тек тақырыбын ғана оқып қоя саламыз. Бұл да үлкен қателік. Қателікке жол бермес үшін бірінші жаңалықты толық оқу қажет. Себебі кейбір журналистер адамдардың назарын аудару үшін тақырыбын шыңғыртып қойып қояды да, оны көп адам түсінбей, «ойбай солай екен» деп ойлап қалады. Ал ішіндегі мәтінінің басқа екеніне мән бермейді. Осы нәрсе әлеуметтік желіде кеңінен таралған. Сондықтан жаңалықтың көзін зерттеп, оны кім жазғанын қараңыз. Қажет болса, дереккөзге жүгініңіз. Жаңалық қайдан шықты? Кім жазды? Не үшін жазды? Осыған мән беру қажет. Егер ақпарат рас болса, БАҚ өкілдері әр шыққан жаңалыққа ақпарат көзін көрсетіп, оған сілтемесін қояды. Сондай-ақ кез келген тақырыптағы «дүркін бейнелерден» жұлдыздардың өміріндегі қауесеттерге дейінгі маңызды тақырыптардың ескі жаңалықтармен бірге жариялануы жалған болуы мүмкін, әрі қоқыс медиасын оқып жатқандығының бір белгісіне жатады.

– Сіз маман ретінде ақпараттыққауіпсіздіктіқалай сақтауға болатындығы жөнінде қандай кеңес бере аласыз?

– Негізі бұл күрделі сұрақ. Қазіргі таңда Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік өте нашар сақталған. Бүгінгі ақпараттық заманда кез келген көрші мемлекет өз ақпараттық, идеологиялық пропагандасын жүргізіп жатыр. Интернет арқылы, кино арқылы, өз теледидары мен арналары арқылы. Сондықтан біз өзіміз оларға қарсы тұрмасақ, басқа ешкім көмек көрсете алмайды.

Глобалды жағынан қарасақ, осындай пропагандаларға қарсы тұрып, жауап қайтаруға, олармен күресу үшін негізі ақпараттық әскер қажет. Қазір көп мемлекеттерде ақпараттық әскер жақсы дамыған. Мәселен, Украинада қазір мықты ақпараттық әскері бар болғандықтан, олар кез келген жалған ақпаратқа қарсы тұрып жатады. Ал бізде жалғыз factcheck жобасы ғана емес, одан басқа да жобалардын болуы тиіс.

– Олай болса, жалған ақпарат пен жаңалықтардыңсалдары неге алып келеді? Яғни фейк ақпарат таратушыларға белгілібір жаза қолданылады ма?

– Жалған ақпараттар мен жаңалықтардың салдары қауіпті әрекеттерді тудырады. Мәселен, адамдардың денсаулығына қауіп төндіріп, қоғамда тәртіпсіздіктер тудыруы да мүмкін. Жалған ақпарат пен сапасыз журналистика кеше пайда болған жоқ. Бұл қолжетімді интернет пен смартфондардың арқасында әлеуметтік желілердің жылдам танымал болуына және таратылу жылдамдығына байланысты арта түсті. Күн сайын бізді, әскери агрессия қаупі немесе вирустың жаңа штаммы туралы қарама-қайшы жаңалықтар хабарлары жаулап жүр. Бір қарағанда білінбеуі мүмкін. Бірақ фейктердің миссиясы қоғамға зиянын өте қатты тигізеді. Жалған жаңалықтар дүрбелең туғызады, халық арасына іріткі салады, адастырып алдайды және адамдарда тұрақты алаңдаушылық пен белгісіздік сезімін тудырады. Pew Research Center жүргізген зерттеуге сәйкес, АҚШ тұрғындары дезинформацияны нәсілшілдік пен терроризмнен гөрі қоғам үшін қауіпті деп санайды. Сондықтан пандемияға дейін жалғандық қаупін асыра бағалау қиын еді.

Енді фейк ақпарат таратушылардың жазасына келсек, соңғы қабылданған заң бойынша, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Яғни қарапайым пайдаланушылар үшін 20 АЕК болса, бизнес блогерлер үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Меніңше, бұл аса ауыр жаза емес деп санаймын. Келтірілген зиянның ауырлығы мен ауқымына қарай жаза қатаңырақ болуы керек.

– Уақыт бөліп, сұхбаттасханыңызға рақмет!

Әңгімелескен Бифат Нұрмаха

Тегтер: