Шыңғыс ЕРГӨБЕК: Адамзат бұрын-соңды болмаған таңдаумен жүздесуде

Заң ғылымының кандидаты, профессор, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры Шыңғыс Ергобекпен өрбіген сұхбатымызды оқырман назарына ұсынамыз.
– Коронавирус пандемиясының кеңінен етек жаюы адамзаттыңалдында бірнеше маңызды сауалдар қойғаны айқын сезіледі және олардың ішіндегіең маңыздысы – біз қайдан келдік, қазір қайдамыз және қайда барамыз?
– Аяқастынан адамзатқатап берген бұл індет Қытайда кең етек алып жатқанда бәрі алыстағыдай көрінетін.Бізді бұл мәселе айналып өтетін шығар, бізге қатысы болмас деген ойлар өзгеелдерде үміт отын жаққандай еді. Бірақ… Бүгінгідей жаһандану үдерісін бастанөткеріп жатқан әлемде ғаламдық мәселеден тысқары қалу мүмкін емес. Мәселеғаламдық экономика, ғаламдық саясаттың бір межеге көшуінде ғана емес,адамдардың өз әлемін тек бір мемлекетпен шектей алмауында болып отыр. Әлемніңқолжетімділігі індеттің тез және кең таралуына жол ашты.
– Дегенмен бұл індеттің жалпыадамзаттық құндылықтарғаықпалы қандай болды, осыны саралап көрелік.
– Біріншіден,індеттің таралуы екі тамырлас ұғымның кең қанат жаюымен тұспалдас келді.Оның бірі ксенофобия мен рассизм болса, екіншісі – ұлтшылдық. Коронавирустыңдемократиялық құндылықтардың отаны болып табылатын Еуропада кеңінен қанат жаюыазиаттықтарға деген сенімсіздіктің бірге өршуіне алып келді. Метродаазиаттардан алыс отыру, мүмкіндігінше олармен қатынаспау, олармен байланысқұрудан алшақтау Еуропада да, әлемнің әртүрлі бөлшектерінде де кең таралғантенденцияға айналды. Адамзатты біріктіретін толеранттылық, ұлтқа, нәсілгебөлмеушілік ізім-қайым жоғалды.
Орта ғасырларда обаіндетінен кейін Еуропада қайта өрлеу дәуірі басталған болса, коронавирусадамзатты құндылықтар тұрғысынан артқа сермеді деуге болады. Оның ортағасырлыққорқынышын, өмірге деген жаңа құлшынысын ашу, эгоизм сезімін ояту арқылы соңғығасырларда жеткен құндылық өзгерістерін жоққа шығарды демесек те, күн тәртібінеоның маңызды аспектілерін қайта қарауға қойғаны айқын. Бұған ұлтшылдықтықосыңыз. Мен мұнда өзін мойындауды немесе сан ғасырлап бұзылған елдігін қалпынакелтіруге бағытталған дамушы елдердегі ұлтшылдықты меңзеп отырғаным жоқ.Бірінші кезекте қалыптасып қалған елдер мен одақтардағы ұлтшылдықтың өрбуінайтып отырмын. Коронавирус Қытайда кең етек жая бастағанда мемлекеттердіңҚытайдағы індетті жеңуге деген ниетіне қарағанда, ұлттық эгоизмге негізделгенөз шекараларын мықтап жабуға бағытталған саясаты басым болды. Егер сол кезде,басында індетті ауыздықтауға бірлесіп атсалысқанда коронавирус бұлай кең қанатжаймас па еді деген ой әлі күнге дейін адамзатты аса мазаламай отыр.
Қытай тоталитарлықмемлекет қой, онда ішкі шаруаларға араласуға мүмкіндік жоқ делік. Жарайды, алИталия мен Испания ше? Бұл елдер Еуропалық одаққа мүше болғанына қарамастан, көршіелдер оларға шекараларын тарс жауап тастағаннан басқа, көмек көрсете қоймады.Мемлекеттің ауыр халін түсініп, бірінші көмек қолын созған коммунистік Қытаймен күдікті Ресей болғанын айтсақ, бірнеше ай бұрын адам сенгісіз факт болареді. Италия мен Испанияның одақтастары тек шекарасын тарс жауып қойған жоқ,вируспен күресу үшін қажетті дәрілерді, жабдықтардың экспортына шектеу қойды.
– Демек, әмбебап адамзаттық құндылықтар ұлттық эгоизмгежол берді деген сөз.
– Бұл мәселені өзгеқырынан қарастырайық. Интеграция маңызды басымдық деп қарастырсақ да,интеграциялық бірлестіктер індетке қарсы координациялық әрекет те, өзге әрекетте жүзеге асыра алмағанын аңғарамыз. Атышулы интеграциялық модель, Еуропалықодақ өз дәрменсіздігін танытты, НАФТА, Еуразиялық экономикалық одақ та жұмғанаузын ашар емес. Дональд Трамп өзінің күнделікті брифингінде одақтастары туралытіс жарған жоқ. Бұл да үлкен адамзаттық құндылық парадигмасының өзгергенініңайқын көрсеткіші болса керек.
Мәселенің үшіншіқыры – дертпен күрес мақсатында әлемдегі түрлі мемлекеттер арасындағыэкономикалық соғыс немесе шектеулер мәселесі. Дерттің дендеп тұрғанынақарамастан, әлемдік саясатта өзгеріс байқалмайды. Санкциялар сол күйі қалыпотыр. Тіпті мұнай бағасына қатысты соғыстың жаңа кезеңі басталды. Сауд Арабиясымен Ресей арасындағы энергетикалық соғыс ертең әлемдік мұнай нарығына керіәсерін тигізбей қоймасы анық.
Екінші мәселе – індеттің демократиялық құндылықтарға тигізгенкері әсерін атамаса болмайды. Түрлі мемлекеттерде коронавирустың таралуынақатысты статистикалық мәліметтерге арқа сүйейтін болсақ, демократиялық режимсалтанат құрған елдердегі індеттің кең етек жайғанын және биліктің ішкідағдарысқа түскенін байқау қиын емес. 1,5 миллиардқа таяу халқы бартоталитарлық Қытай мен Италия, Оңтүстік Корея секілді демократиялыққұндылықтарға негізделген мемлекеттерде зиян шеккендердің, ауру жұқтырғандардыңсаны бірдей. Мұны, әрине, тоталитарлық және авторитарлық жүйе елдеріндегіхалықтың мобилизацияға икемділігімен, қатаң тәртіппен түсіндіруге болар. Бірақдемократиялық мемлекеттерде мұндай жағдайда адам өмірі басты құндылық екеніналға тартып, тиісті шаралар қолдануға болады емес пе? Тіпті АҚШ президентіТрамптың індетті өз қарсыластарының импичмент үшін пайдалану қорқынышынанкарантинді кеш енгізгені індеттің кең таралуына жол ашты. Бұған АҚШ-таәлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің кемел емесін ескерсеңіз (онда 56миллион сақтандырылмаған тұлғалар өмір сүреді, демек, халықтың үлкен бөлігінеіндетке шалдыққан жағдайда медициналық көмек қолжетімсіз болады, ал соңғыуақытта жұмыссыздар санының өсуімен бұл жағдай қиындай түсті), ондадемократиялық құндылықтардың дағдарысын айқын сезесіз.
Үшіншіден,індет демократиялық құндылықтар мен институттардың өзгерген шағында пайдаболды. Бүгінгі демократия бұрынғы демократия емес. Оның құндылықтары да өзгеше.Өткен ғасырдың 50-80 жылдарындағы демократия даму демократиясы болатын. Оныңөзгеруіне Мартин Лютер Кинг, Джон Кеннеди сынды азаматтар атсалысты. Ол кездекоммунистік идеологияға қарсы тұруда демократия терең қайта саралаудан өтті.Бостандықтың, тең құқықты қоғамның басымдығын орната алды. Маккартизмді басынанөткеріп, жаңа белестерді бағындыра алды, әйелдер мен ерлердің құқықтарынтеңестіріп, сегрегацияның түрлі нысандарын жоя алды. Бірақ Фрэнсис Фукуяманыңойы бойынша, 90-жылдары абсолютті жеңіске жеткен демократиялық құндылықтарөзгеріп шыға келді. Ол өткен Ирак соғысында унитарлы билік тұжырымдамасыменсыналды. Унитарлы билік тұжырымдамасы елде дағдарыс пен төтенше жағдай орын алғанкезде президент абсолютті билікке ие болатын ойдан туындайды. Бұл әрекеттіңнәтижесінде Гуантанамода әскери тұтқындардың құқықтарын аяқасты ету секілдіфактілер көрініс тапты. Иракқа, Ливияға негізсіз соғыс ашумен ерекшеленді.
– Бүгінгі АҚШ және батыстық демократиялық құндылықтарМартин Лютер Кинг, Джон Кеннедидің кезіндегі, тіпті Обаманың кезіндегі құндылықтардыңмирасқоры емес, Буш кезеңіндегі демократияның мирасқоры болып отырғандай…
– Мәселенің барлығысонда. Гуантанамо мен сыртқы соғыстардың демократияға әсерін, Прага көктемі менВенгриядағы оқиғалардың коммунистік идеологияға әсерімен салыстыруға болады. Олкезде де Кеңестер Одағы коммунистік идеяны ғаламдық деңгейде беделінен айырғанболатын. Әрі қарай не болғанын өздеріңіз білесіздер.
Төртіншіден,аймақтық автономия қағидаларына арқа сүйейтін федералды мемлекеттерденунитарлылық қағидалары басым түсті. Федералды мемлекеттер жергілікті биліккекең өкілеттік беруінің нәтижесінде орталық биліктің әлсіздігін көрсетті. АҚШ президентіДональд Трамп індеттен ең көп жапа шеккен Нью-Йорк штатына тыныс алуқондырғыларын жеткізу үшін өзге штат губернаторларынан рұқсат сұрап, уақытұттыруға мәжбүр. Ресей Федерациясының әр аймағында карантин режимі әртүрлітәртіппен енгізілді. Бұл індеттің кең таралуына жол ашты.
Күн тәртібіндежақын арада туындайтын маңызды таңдау экономика мен адам өмірінің арасындаболмақ. Көп елдер індеттің алдын алу үшін төтенше жағдай жариялады. Алайда оныжарияламаған елдер де бар. Посткеңестік елдердің ішінде бұлардың қатарынаБеларусь пен Түрікменстанды, белгілі бір дәрежеде Тәжікстанды жатқызуға болады.Бұл елдер өздерінің экономикалық мүдделерінің басымдығын жариялады. Індеттіаяғына дейін жеңбеген Қытайдың өзі карантиндік шектеулерді алып тастады, себебіұзақ уақыт карантинді ұстап отыру үлкен экономикалық шығындарға алып келерісөзсіз.
Жапония о баста бірқатар шектеуші шараларменшектелгенімен, бүгінгі күні толыққанды карантинге көшу қажеттігін айқын сезіпотыр. Бірақ төтенше жағдайды ұзақ сақтап отырудың мүмкін еместігі бүгінгі күнікез келген адамға түсінікті. Індет АҚШ-та бірінші рет бой көрсеткен кезде президентТрамптың: «АҚШ экономикасы бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті. Мен ешқандайшектеулерге жол бермеймін», – деп мәлімдегені есімізде. Дәл осы тұста АҚШ-та орыналған әлеуметтік сауалнама азаматтардың экономикалық табысты өмірден жоғарыбағалайтындығын көрсетті. Дегенмен уақыт өте келе Трамп мырза да пікірінөзгертті, жағдай да жылдам өзгерді. Халықаралық қатынастардағы өзгерістер бізайтпасақ та түсінікті секілді. Бұл саладағы басты қорытынды – адамзат тұтасбірлестік. Бір мемлекеттің басына туған күн екінші мемлекет басына да туады.Оның үстіне АҚШ, Ресей секілді мемлекеттер қанша жерден ұлылық танытса да,басқару жүйесі кемел емес, табиғаты қарапайым мемлекеттер. Олардыңазаматтарының да дәл сондай мәселелері бар және «ұлылықтың» қарапайымазаматтарға пәлендей ықпалы жоқ секілді.
Уақыт өтер, бұліндетті де бастан өткеріп, адамзат жеңіске жетер. Бірақ індеттен әркімніңбелгілі бір сабақ алуы маңызды. Бұл індеттің де берген сабағын саралау әлі ұзақуақытты талап етері сөзсіз.
– Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан Күлтегін БЕК