Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:12, 25 Маусым 2020

Сібір оқиғасы

                                                                              

Әкімдіктіңтапсырмасымен Челябинск қаласына жақын орналасқан Троицк қалашығына аттаныпкеттім.

Аудан әкімдігінде қызмет істейтіндердің ең жасы кішісі болғандықтан ба,аптасына бірнеше рет кейде Көкшетауға, кейде Астанаға іссапармен мені  жіберіп тұратын. Енді, міне, өзім ешқашан барып көрмегенЧелябинск облысының Троицк қаласына бет алдым.     Қалаға келген соң, қалалықәкімдікті көшедегі адамдардан сұрастыра жүріп тауып алдым. Хатшы қызды қолқалапжүріп, қала басшысына кіруге рұқсат алдым. Ішке кіріп, дипломатымнан хат алып,өзін Алексей Анатольевич Ильин деп таныстырған қала мэріне ұстаттым. Хатты алыпоқыды да: «Мен орман шаруашылығымен хабарласып келісімге келейін, сонан соңжауап берермін. Сіз бір-екі күн қалада бола тұрарсыз немесе осындаістейтіндердің біреуінің үйінде болыңыз, қоныңыз», – деді жылы жымиып. Сөйттіде, қоңыраудың түймешесін басып, хатшы қызды шақырды.  – Алина, сен Николай Березинді шақырыпкелші, – деді жұмсақ үнмен.Көп ұзамай есіктен орта бойлы, толықтау сары жігіт кірді.– Николай, мына жігіт Қазақстаннан, Ақмола облысынан келіп отыр. Жалпы, біздегіорман шаруашылығы дайындаған тақтайларды бұл жігітті жіберген ауданы  алуға ниет білдірген екен. Соған мынаазаматты  алдын ала тапсырыс беругежіберіпті. Бірер күн сенің үйіңде бола тұрсын. Келген қонақ қой, қонақүйлергежібермей-ақ қояйық, – деді.    Сонымен, ұйымдастыру бөлімініңжетекшісімен кешке үйге қайттық. Николайдың менен екі-үш жас үлкендігі барекен. Тұрған үйі Троицкінің түбіндегі Дубовка деген ауылында көрінеді. Қаладанүш шақырым жер. Көбіне велосипедпен жүретінін айтты.      Мен еліміздегі, ол Ресейдегіжағдайды сөз етіп үйіне келдік. Үйі үлкен, ағаштардан қиып салынған, әдемі-ақ.Бастықтары мені емін-еркін демалсын деп, әдейі осы үйге жіберді-ау деймін.Айналасының бәрі көкпеңбек орман. Қиырына көзің жетпейді. «Тайга деп осыныайтады екен-ау» деп ойладым іштей. Бірақ бұл бір ғана шеті ғой.     Дарбазадан кіргенде ауладан орыстыңеңгезердей шалын көріп, жақындап келіп, қол алысып амандастық.   – Ты казах? – деп сұрады шал. Менбасымды изедім.     – Его зовут – Бейсенгазы, изКазахстана, – деді анадайдан Николай велосипедін қойып жатып. Үйге кіріп,шешесімен танысып, шай ішіп, есік алдына демалуға шықтым. Артымнан біраздан соңшал келді. Өзін Иван Илларионович деп таныстырған болатын. Ұсталықпенайналысатын көрінеді. Біз отырған демалатын орын кең, көркем етіпжасалынған-ақ. Дегенмен мына атайдың түрі орыстан гөрі азиялықтарға көпұқсаңқырайды. Қанында Сібірдегі ұсақ халықтардың бірінің қаны бар-ау депойладым іштей.– Ну как, там у вас? – деді махоркасын тартып отырып.– Бірқалыпты, ептеп жүріп жатырмыз, – дедім орысшалап. – Сіздердің тұрып жатқанжерлеріңіз қандай әдемі, Тайганың шеті, ауасы таза.     Шал бірдеңе есіне түскендей меніңтүріме ойлана біраз қарап отырды.– Мамандығың кім? – деп сұрады әлден уақыттан соң. Әкімдікте істейтінімдібіледі, шай үстінде айтқанмын.   – Мамандығым – журналист, – дедім.   – Это хорошо, – деді. Ол Тайга жаққаұзақ қарады. Николай демалайын деп, диванға жата кеткен, ұйықтап қалған болар.– Я тоже казах, – деді шал маған қарап. – Моя прабабушка чистокровная казашкабыла. Мен қазақша түсінемін әрі сөйлеймін де. Тек қазақтармен кездескенде ғана.Жасым сексеннің алтауына келді.    Шал қазақшаны аздап бұзыңқырапсөйлесе де, мұндайды күтпеген мені аң-таң қалдырды.   – Менің аталарымның тұсында, осыТайганың ішінде қазақ ауылдары өте көп тұрады екен, көп болғанда орыстардан дакөп. Тайганың іші өріп жүрген мал.      Иван Илларионович ап-анық қазақшасөйлеп отыр.  – Сен білесің бе, «тайга» сөзі қыстақташөп жинағанда тайлап жинаудан (шөп орғанда тығыздап, жан-жағынан байлап тайлау)шыққан. Екі-үш атпен немесе өгізбен бірнешеуден қыстақтарына көк шөптің үстіменсырғанатқандай етіп тартып отырады екен. Сөйтіп, мол қып қыс қыстауларына жинапалатын. Осы жыл сайынғы тайлап жинаудан (бірнеше ғасыр осы орманды даланы мекенеткен ел-жұрт қой) мынау қалың тоғай Тайга аталып кеткен дейді жұрт менің балакезімнен.     Ішімнен, мүмкін, шынында да, солайшығар деп ойладым. Шал ештеңені қалдырмай қазақша сөйлеп отыр. Мен «орысшанытүсінемін ғой» десем де болмады, қазақша сөйлеуден ауытқымады.  – Осы Троицкіде 7000-дай қазақ тұрады,таныс қазақтармен қазақ тілінде сөйлесіп, амандасамын. Кейде әңгіме-дүкенқұрамыз. Сен журналиспін дейсің ғой, мен саған мына оқиғаны айтайын, тыңдап ал,кейін еліңе барғанда, мүмкін, жазарсың. Бұл, әрине, бірер ғасыр бұрын болғаноқиға. Бәрі ұмытылған. Бірақ қалайда жаз, елің білсін, түсіндің бе? Шал тіземнен қысып қалды, қолы әлеуеттіекен.    – Мұны менен басқа осы маңайда көпешкім білмейді. Тек ұмытпа әрі ерінбе. Менің әкем айтушы еді, «сенің атаңәскери казак болған» деп. Атам былай дейтін көрінеді. Осы өңірге орыстар алғашкеліп орналасып жатқан кез екен, бекіністер, қорғаныстар салып дегендей. Маңайдағытолып жатқан қазақ ауылының кісілері кейде шапқыншылық жасап, бекіністердібұзып, енді келіп қоныстанып жатқандарды қырып кетіп отырған. Көшім хандығыныңтұрғындары ғой және кейіннен келгендері бар. Осыдан кейін-ақ ақ патшадан біздіңатамандарымызға жарлық түскен көрінеді. Бүкіл Сібірді толып жатқанқырғыз-қайсақ ауылдарынан босату керек делінген әлгі жарлықта. Аталарымызотряд-отрядқа бөлініп әрі ішкі жақтан келіп жатқан орыс отрядтары қосылып,солардың бәрі дайындықтан өткізіліп, кімдердің қай бағытты қазақтардантазалайтыны белгіленіп, қағазға түсіріліп, нақтыланған көрінеді. Содан қандықырғын басталған да кеткен.  Әрбір отрядқа күніне бірнеше ауылдытұрғындарымен бірге тып-типыл ету тапсырылған. Аяушылық болмасын деп қатаңескертілген көрінеді. Ауылдарды қоршауға алу таңертеңгі алакеуімде, сондай-ақкешқұрым жұрт орынға отырғанда ағындаған шабуылдар басталған. Үйлер, қыстақтар– бәрі өртелген. Еңкейген шал мен еңбектеген балалар отқа лақтырылған.Еркектер, әйелдер – бәрі атылған, аяусыз шабылған. Тек қыздар мен жаскеліншектерді әскерлер бөлісіп алып отырған. Мұндағы әскерлер әйелсіз,отбасынсыз келгендер ғой. Бірнеше жүздеген ауылдар отқа оранып, күлі ғанақалыпты. Сол шабылған ауылдың бірінен атам бір қызды атына өңгеріп алып келгенкөрінеді. Осы қыздан менің әкем туды, мен әкемнің жалғызымын. Мені сол қазақәйелі – әжем ғой өсірген. Алдына салып, өз тілінде өлең айтып, ара-арасындакемсеңдеп жылап отырушы еді. Мен «жылама» деп көз жасын сүртетінмін. Ол кездеештеңе түсінбейтінмін, – деп, шал көзіне жас алып, терең күрсінді. – Өстіпқаншама ауылды өртеп және адамдарды қыруға бола ма екен? Ең құрығанда қазіргіқазақ жеріне қарай айдап көшіріп жіберсе, бір сәрі ғой. Бала, мен айтқан осыоқиғаны ұмытпа, – деді шал иығымнан қысып. – Осы оқиғаны тыңдаған, естіген сенжалғыз ғана адамсың. Құдайым сені сақтасын! Еліңнің біразы қалай қырылғанынхалқың білсін. Бұл тарихқа кіргізілмеген, кезінде айтуға қатаң тыйым салынғаноқиғалар. Мен Ұлы Отан соғысы кезінде бір қазақ жігітіне айтпақ болғанмын.Өлең-тақпақтар жазып жүретін. Кейіннен бөлімшесімен басқа полкке ауысып кеттіде, көз жазып қалдым. Одан кейін қалам-қағаз ұстайтын қазақтардыкездестірмедім. Тіршілігі басқа қазақтарды көріп жүрмін. Бірақ олар ештеңеұқпайтын қазақтар әрі көрінгенге айтуға жүрексіндім. Жасым ұлғайған адаммын,қанша жүрерімді кім білсін?! Әжемнің көз жасын ақтап кетейін ең болмағанда. Сенмұны Николайға да айтпа, ол білмейді. Қазір сендер тәуелсіз елсіңдер ғой.  Иван Илларионович маған өтінішпен қарап:  – Қалайда жаз, – деді.

     Ертеңінешайымызды ішіп, кемпір-шалмен қоштасып, жолға шықтым. Троицкіге дейін жаяутартып кетейін дедім. Көп алыс емес. Келе жатып шексіз-шетсіз Тайгаға қарадым.Бірнеше жүздеген шақырымды алып жатқан ну орман үнсіз теңселіп тұрғандай.Қырғын тауып, отқа оранып жатқан ауылдар, ышқынған адамдар, шыңғырғанбалалардың шырылдаған даусы құлағыма естілгендей болды. Көзіме жас тығылып,өксіп-өксіп жылағаным есімде. Жалғыз келе жатып «Мен қалайда жазамын!» депайқайлағаным әлі ойымда.    Түстен кейін тапсырылған жұмысымдыбітіріп, пойызға отырып, Қазақстанға қайтып кеттім. Иван Илларионовичтіңтапсырмасын біраз жылдар орындай алмай жүрдім. Талай жылдар өтіп кетіпті-ау.

Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК,

 Журналистер одағының мүшесі

Тегтер: