Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:10, 06 Желтоқсан 2023

Синоптиктер 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жасады

метеролог
Фото: из открытых источников

Метеорологтардың мәліметінше, республиканың басым бөлігінде суық солтүстік-батыс антициклонының басып кіруімен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде, Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын сақталады.

"Түнгі сағаттарда ауа температурасы батыста 10-20 аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 аязға дейін, елдің қиыр солтүстігінде 42 аязға дейін, республиканың орталығында және шығысында 28-33 аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5-13 аязға дейін төмендейді. Республика бойынша тұман, елдің оңтүстік жартысында жел күшейеді деп күтілуде", - делінген хабарламада.