Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:55, 24 Қазан 2023

Синоптиктер алдағы үш тәулікте күннің күрт суытатынын ескертті

ао
Фото: из открытых источников

Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде алдағы үш тәулікте күннің күрт суытатынын ескертеді. Елге қарай Скандинавия түбегіндегі арктикалық суық ауа ығысады, деп хабарлайды Zhasalash.kz KTK-ға сілтеме жасап.

Соның салдарынан, республиканың солтүстік-батысында ауа температурасы 0 градусқа дейін төмендейді. Батыс пен солтүстікте түнде үскірік болады. Бұл өңірлерде сынап бағанасы бес градустың төңірегін көрсетеді. Жалпы суық ауа райы алдағы үш күнде ғана емес, осы кезең бойы сақталады дейді мамандар. Бұған Солтүстік циклон себеп. Күздің қалған уақытында қатты жел тұрып, нөсер жауады. Кейбір өңірлерге қар түсіп, көктайғақ болады.