Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 15:00

Сирияда Асад жақтастары жаңа ішкі істер министрлігінің 14 қызметкерін өлтірді

Башар Асад
Башар Асад. Фото: РИА Новости

Сирия қауіпсіздік күштері Асад режиміндегі бұрынғы офицерді тұтқынға алмақ болған кезде қақпанға түскен. 14 полиция қызметкері қаза тауып, тағы 10-ы жараланды.

Сирияның биліктен қуылған президенті Башар Асадтың жақтастары өтпелі үкіметтің қауіпсіздік күштерінің 14 қызметкерін атып өлтіріп, 10-ын жаралады. 

Сирия Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, қауіпсіздік күштері Асад режиміндегі бұрынғы офицерді тұтқынға алмақ болған кезде «қылмыстық режим қалдықтарының айлакер қақпанына» түскен. Адам құқықтары жөніндегі Сирия обсерваториясы (SOHR) офицердің саяси тұтқындар ондаған жылдар бойы азапталып, өлім жазасына кесілген Седная түрмесіндегі қылмыстарға қатысы бар деп мәлімдейді. SOHR мәліметінше, ол «мыңдаған тұтқындарға өлім жазасына кескен және үкімдер шығарған». Бақылаушылардың айтуынша, қақтығыс кезінде үш «қарулы адам» да қаза тапты.

SANA агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі, 26 желтоқсанда Сирияның жаңа әскери қолбасшылығы Тартус провинциясының ауылдық жерлерінде бұрынғы әкімшіліктің бұрынғы қызметкерлерін қудалау операциясын бастады.

Тегтер: