Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:41, 19 Тамыз 2020

Сирияда жарылыс кезінде ресейлік генерал қаза тапты

None
None

Сирияда қолдан жасалған жарылғыш зат жарылып, генерал-майор атағы бар әскери кеңесші қаза тапты, екі адам жараланды.

Бұл туралы сейсенбі күні журналистерге Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, 18 тамызда Дейр-эз-Зор қаласынан 15 шақырым жердегі аумақта гуманитарлық акция өткізген ресейлік автоколонна қайтып келе жатқан шақта жолда жарылғыш зат жарылған. Үш ресейлік сарбаз жарақаттанған, біреуі қаза болған.

Кейбір ақпарат құралдарының жазуынша, қаза тапқан генерал-майордың аты-жөні Вячеслав Гладких, 36 жалпы әскер командирінің орынбасары қызметін атқарған.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу қаза тапқан Гладкихті мемлекеттік наградаға ұсынды.

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер: