Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:32, 03 Қаңтар 2025

Сирияның батысында Асад жақтастарына қарсы операция басталды

Сирия
Фото: AFP

Құлаған режимнің әлі қаруын тастамаған әскери қызметкерлері іздестіріліп жатыр.

Сирияның батысындағы Хомс провинциясында биліктен қуылған Башар Асад режимінің әскерилеріне қарсы ауқымды операция басталды. Бұл туралы Сирияның SANA ақпараттық агенттігі қауіпсіздік күштеріндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Операцияны Ішкі істер министрлігі Әскери операциялар қолбасшылығымен бірлесе отырып, облыстың әкімшілік орталығы – Хомс қаласы мен оған жақын орналасқан аудандардың бірнеше аумағында жүргізіп жатыр.

Қауіпсіздік күштері Вади Захаб және Акрима аудандарының тұрғындарын үйден шықпауға шақырды.

Сирияны 61 жыл басқарған Баас партиясы режимі құлағаннан кейін Әскери операциялар қолбасшылығы 8 желтоқсанда жалпы рақымшылық жариялады. Елдің көптеген өңірінде татуластыру орталықтары ашылған. Құлаған режимді жақтаушылардан белгілі бір мерзім ішінде қаруларын тапсыру сұралған.

Бұған дейін Әскери операциялар қолбасшылығы Тартус және Лозикия провинцияларында осындай операциялар жүргізген болатын.

Тегтер: